Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шу ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №65-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4645 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің №3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.
2. "Шу аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шу аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамсыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шу ауданының | |
| мәслихат төрағасы | Ж. Абенов |