Мойынқұм ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № 25-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 тамызда № 5228-08 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мойынқұм ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Мойынқұм аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мойынқұм аудандық мәслихаты интернет-ресурста орналастыруын қамтамассыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойынқұм аудандық мәслихатының төрағасы Н. Саурыков

  Мойынқұм аудандық мәслихаты
  2024 жылғы 15 тамыздағы № 25-4
  шешіміне қосымша

Мойынқұм ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілеттін қызметті алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектімін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      Жергілікті жылу берілетін қатты отынды пайдалануға өтемақылық нормалары жылу беру маусымына отбасына (азаматқа) 5 (бес) тоннадан артық емес мөлшерінде белгіленеді. Көмірдің құны ретінде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік статистика органдарының деректеріне сәйкес өткен тоқсанда қалыптасқан орташа бағасы қабылданады.

      Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 80 (сексен) киловатт белгіленсін.

      5. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-портплынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейлі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мойынкумском районе

Решение Мойынкумского районного маслихата Жамбылской области от 15 августа 2024 года № 25-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области от 26 августа 2024 года № 5228-08

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях" Мойынкумский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Мойынкумском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Мойынкумского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Жамбылской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Мойынкумского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Мойынкумского района Н. Саурыков

  Приложение к решению
  Маслихат Мойынкумского района
  от 15 августа 2024 года № 25-4

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Мойынкумском районе

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увелечения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи оказывается коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Мойынкумского района Жамбылской области" (далее – услугодатель).

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее – Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлен в размере 5 (пяти) процентов.

      При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      Компенсационные нормы на потребление твердого топлива с местным отоплением устанавливается в размере не более 5 (пяти) тонн на отопительный сезон, на семью (гражданина). Среднюю цену стоимости угля принимать сложившуюся за истекший квартал, согласно данным органов государственной статистики по Жамбылской области.

      Установить норму расхода электрической энергии 80 (восемьдесят) киловатт на одного человека в месяц.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаевмым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      6. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательтсве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию или веб-портал "электронного правительства"

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      8. Назначение жилищной помощи услугополучателям осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи или поставщиков услуг.