Қордай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қордай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №68-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4669 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің №3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.
2. "Қордай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қордай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамсыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қордай аудандық | |
| мәслихатының төрағасы | Н. Садыков |