БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларында:
жол:
"
177 | Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар |
";
мынадай редакцияда жазылсын:
"
177 | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар |
";
Күдікті операцияны айқындау белгілерінде:
жол:
"
125 | 1122 | Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен жаңа қатынастар орнату, сондай-ақ сомасы клиенттің бейініне сәйкес келмейтін ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке цифрлық активтерді айырбастау бойынша қызметтер ұсыну (ВАҚҰ) және/немесе активтерді қосымша операцияларсыз не олар шотта пайда болғаннан кейін ең қысқа мерзімде шығару кезінде ірі бастапқы депозитті енгізу бойынша операциялар |
";
мынадай редакцияда жазылсын:
"
125 | 1122 | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалармен жаңа қатынас орнату, сондай-ақ сомасы клиенттің бейініне сәйкес келмейтін ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке цифрлық активтерді айырбастау бойынша қызметтер ұсыну (ВАҚҰ) және/немесе активтерді қосымша операцияларсыз не олар шотта пайда болғаннан кейін ең қысқа мерзімде шығару кезінде ірі бастапқы депозитті енгізу бойынша операциялар |
";
жол:
"
127 | 1124 | Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар белгілеген, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке (ВАҚҰ) саудаға және қаражатты шешіп алуға айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну, оның ішінде санкция салынған елдердегі немесе аумақтардағы сенімсіз IP-мекенжайлар немесе күдікті IP-мекенжайлар шектеулерінен жалтару мақсатында түрлі аттармен бірнеше шот ашу |
";
мынадай редакцияда жазылсын:
"
127 | 1124 | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар белгілеген, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке (ВАҚҰ) саудаға және қаражатты шешіп алуға айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну, оның ішінде санкция салынған елдердегі немесе аумақтардағы сенімсіз IP-мекенжайлар немесе күдікті IP-мекенжайлар шектеулерінен жалтару мақсатында түрлі аттармен бірнеше шот ашу |
";
14-тармақта:
"
14. Аудит және бухгалтер қызмет көрсету кезінде |
";
мынадай редакцияда жазылсын:
"
15. Аудит және бухгалтер қызмет көрсету кезінде |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг Агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының Бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |