ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, ииновациялар жән
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2026 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге беріледі.
Оларды жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрлерінің кіші түрлері атауы:
1) I кіші түр – стационар жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2) II кіші түр – жартылай стационар жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
3) III кіші түр – уақытша болу жағдайларында:
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға;
қатыгездікке ұшыраған құрбандарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
4) IV кіші түр – үйде күтім жасау жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен айналасу құқығына лицензия жалпыға ортақ, иеліктен шығарылмайтын, тегін болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды. Лицензия қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
6. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2 тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
7. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы өтінішті және қосымшаға сәйкес "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9 -тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі-осы негізгі талаптардың тізбесі) жібереді.
8. Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің (сұрау салудың) қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы әлеуметтік қызметтер порталы, портал арқылы жүгінген кезде өтініштен алынған деректер автоматты түрде "Е-Собес" автоматтандырылған цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-Собес" АЦЖ) беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2026 № 179 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде "Е-Собес" АЦЖ-дан Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2026 № 179 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті беруші өтінішті көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша аумақтық бөлімшеге (департаментке) (бұдан әрі – Департамент) қарауға жібереді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат беру құжаттарын Департаменттер тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2026 № 179 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Департамент Заңның 18-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтата тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, Департамент цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды және осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды қайта ұсыну тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 (бес) жұмыс күні белгіленеді, аталған мерзім Негізгі талаптардың тізбесінің 4-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-1. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Департамент қызметкері осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан, өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Ескерту. 2-тарау 13-1-тармақпен толықтырылды- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті беруші келіп түскен өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Департамент 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкес және олардың Негізгі талаптар тізбесіне сәйкестігін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша тексереді.
Қызмет алушының құжаттарын тексеру және бару нәтижелері бойынша Департамент Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес қорытынды қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің қарауына ұсынады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.16. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияның электрондық нысанын және (немесе) 3-4-қосымшаға сәйкес лицензияға тиісті қосымшаны қалыптастырады.
Негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағында көзделген бас тарту негіздері болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қорытындыны тексереді және ЭЦҚ пайдалана отырып, электрондық лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға не лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тартуға қол қояды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
3-тарау. Лицензияны қайта ресімдеу, оны беруден бас тарту және тоқтату тәртібі
26. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) 33 және 34-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 33-бабының 3-тармағына сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінішті Әлеуметтік қызметтер порталы немесе портал арқылы жібереді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш пен құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
29. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштерде және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ Негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін тоқтату туралы хабарландыруды қызмет алушыға жібере отырып, өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 (бір) жұмыс күні белгіленеді.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
31. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 33 және 34-баптарында көрсетілген құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдей ме, не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қолданысын қалпына келтіру, одан айыру "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 45-бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 35-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Қағаз нысанда берілген лицензияның рұқсаты жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 43-бабына сәйкес лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алуға құқығы бар.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз берілсе, ол бұл әрекеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға құқылы.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
36. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету сауалдары бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Заңға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
37. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
38. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
39. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
40. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
41. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
42. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2026 № 179 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (ол болған жағдайда) атауы |
1) I кіші түр – стационар жағдайларында: |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету мерзімі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету нәтижесі | арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және демалыс күндерінен басқа; |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін: |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу кезінде: |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (ол болған жағдайда), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады. |
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________ атына
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
____________________________________________________нан/нен/дан/ден/тан/тен (дара кәсіпкердің тегі аты әкесінің аты (ол болған жағдайда) /заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын.
Дара кәсіпкердің мекенжайы/заңды мекенжайы:
_______________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық поштасы __________________
Телефон ________________________
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның орналасқан мекенжайы
________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жай)
Қосымша_____ парақ.
Осымен расталады:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және сенімді болып табылады;
көрсетілетін қызметті алушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға, сондай-ақ орналасқан жері бойынша тексеруді жүргізуге келіседі.
Басшы _________________________ _____________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20 ___ жылғы "__" ______
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-1-қосымша |
|
| Нысан |
____________________________
көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. Қағидалар 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2026 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитет Сіздің ________ жылғы № __________ өтінішіңізді қарап, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы өтінішті одан әрі қараудан бас тартқаны туралы хабарлайды.
Біліктілік талаптарын растайтын құжаттар | Бар/жоқ | Ескертпе | |
_______________________________________________________________
(Бас тартудың негізі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің _______________________ облысының/қаласының аумақтық бөлімшесінің (департаментінің) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің маманы
_____________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы
____________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Аумақтық бөлімшесінің (департаментінің) басшысы
_______________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Келісілді:
Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарманың бас сарапшысы
_______________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарма басшысы
_______________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Төраға орынбасары
_______________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Қол қойылды:
Төраға _______________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-2-қосымша |
|
| Нысан |
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды
Ескерту. Қағидалар 2-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетiнің мекенжайында орналасқан____________________________________
қызмет алушының_________________________________________________ "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкестiгiн тексеруге сұрау салуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетiнiң _____________ облысы/қаласы бойынша аумақтық бөлiмшесi (департаментiн) баруды жүзеге асырды және нәтижесінде мыналар анықталды:
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар | Шешім (сәйкес келеді/сәйкес келмейді) | Ескертпе* |
* Ескертпе – біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептерін, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін еркін нысанда көрсетеді.
Қорытынды:
- Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
- Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің маманы
________________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы
________________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Аумақтық бөлімшесінің (департаментінің) басшысы
________________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Келісілді:
Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарманың бас сарапшысы
_______________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарма басшысы
_______________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Төраға орынбасары
_______________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-3-қосымша |
|
| Нысан |
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін тоқтата тұру туралы хабарлама
Ескерту. Қағидалар 2-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші, Департамент (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтата тұрады (керегінің асты сызылсын):
1) өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуына;
2) олардың нысаны мен мазмұны бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығымен бектіліген "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34655 болып тіркелген) көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауына байланысты, атап айтқанда:
1) _____________________________________________________________;
2) _____________________________________________________________;
3) ... .
Осыған байланысты Сізге анықталған кемшіліктерді осы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жою және құжаттарды қайта ұсыну қажет (лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні белгіленеді).
Осы хабарлама екі данада, әрбір тарап үшін бір данадан жасалды.
Көрсетілетін қызметті беруші (Департамент) қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Орындаушы:
___________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефон:
___________________________________________________________________
Алдым:
___________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
20__ жылғы "___" __________
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| |
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША БЕРУ | |
Берілген күні: жылы | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру нөмірі: |
Берілді | (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі) |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орны | (ұсынылған объектінің мекенжайы) |
Ескерту | (иеліктен шығару, рұқсат сыныбы) |
Көрсетілетін қызметті беруші | (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) |
Басшы (уәкілетті тұлға) | (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
Бастапқы берілген күні | ______ жылғы "____" __________ |
Лицензияның қолдану мерзімі | ______ жылғы "____" __________ |
Беру орны | |
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-1-қосымша |
|
| Нысан |
Тыңдау туралы хабарлама ______________________________________________ (ұйымның атауы)
Ескерту. Қағидалар 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.12.2024 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-2 қосымша |
|
| Нысан |
Тыңдау хаттамасы №___ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің
Ескерту. Қағидалар 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-3 қосымша |
|
| Нысан |
____________________________ көрсетілетін қызметті алушының атауы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту _______________________________ (ұйымның атауы)
Ескерту. Қағидалар 3-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 06.03.2025 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті
Сіздің_________жылғы № __________өтінішіңізді қарап,
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет
көрсетуден бас тарту туралы хабарлайды. _____________________________________
(Бас тартудың негіздемесі)
Басшы __________________________________
(ұйымның атауы)
________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолы.
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-4-қосымша |
|
| Нысан |
Лицензияға қосымша
Лицензия нөмірі ______
Лицензияның берілген күні: ____________
Ескерту. Қағидалар 3-4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлері(лері) (лицензияның кіші түрін таңдау)
1) I кіші түр – стационар жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2) II кіші түр – жартылай стационар жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
3) III кіші түр – уақытша болу жағдайларында:
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға;
қатыгездікке ұшыраған құрбандарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
4) IV кіші түр – үйде күтім жасау жағдайларында:
мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру.";
Қуат: _______________________
Лицензиат______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі, филиалдың немесе өкілдіктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Өндірістік база ___________________________
(орналасқан жері)
Лицензияның ерекше шарттары
_______________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Лицензиар ____________________________
(лицензияға қосымша берген органның толық атауы)
Басшы
(уәкілетті тұлға) ____________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолданба нөмірі ________________
Жарамдылық мерзімі ____________
Қосымшаның берілген күні: ________________
Беру орны: _______________________
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініш
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.10.2026 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________________ атына (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
______________________________________________ нан, нен, тан, тен, дан, ден
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
жеке кәсіпкер / заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын
арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған 20___ жылғы "___"
№____________берілген __________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нөмірі (А), берілген күні, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берген көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Жүзеге асыруға ______________________________________________________
(Қызмет түрінің және қызметтің кіші түрінің толық атауы)
мынадай негіздер бойынша(рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 33 және 34-баптарына сәйкес): ___________________________________________
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мекенжайы: ________________
____________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта: ______________________________________
Телефон: ________________________________________________
Қоса беріледі ______п.
Осымен расталады:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларда
болуы мүмкін
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілді;
сот өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және сенімді болып табылады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Басшы ____________________ ________________________________________
(электрондық-цифрлық (тегі, аты, әкесінің аты (қолы қойылған кезде) ол болған жағдайда).
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" _______

