Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "2023 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы" 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 26-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7113-07 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімде шешімге қол қоюшы лауазымды тұлғаның атауы "мәслихат хатшысынан" "мәслихат төрағасы" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| мәслихат төрағасы | Л. Кайргалиева |