Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Индер аудандық мәслихат төрағасы |
А. Рамазанов |
| Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 51-VIII шешіміне қосымша |
Индер аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) "Индер ауданының Индербор кенті және ауылдық округтердегі қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" Индер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4168 болып тіркелген) шешімі;
2) "Бөдене ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Индер аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 361-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4616 болып тіркелген) шешімі;
3) "Индер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200-VI "Индер ауданының Индербор кенті және ауылдық округтердегі қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 65-VII шешімі;
4) "Индер аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 361-VI "Бөдене ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 66-VII шешімі.