"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Смирново ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 8 шілдедегі қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Смирново ауылдық округінің Смирново ауылының көшелері қайта аталсын:
Зеленая көшесін Желтоқсан көшесіне;
Октябрьская көшесін Жұмабек Тәшенов көшесіне;
Труд көшесін Геннадий Зенченко көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушы | Д.Кожин |