"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысының 2024 – 2025 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Г. Нурмухамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
| 2023 жылғы 29 қарашадағы | |
| № 229 қаулыға қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысының 2024 – 2025 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Спорт түрлерінің атауы | ||||||
Топтар атауы | № | Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы | Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы | Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы | Паралимпиадалық спорт түрінің атауы | Ұлттық спорт түрінің атауы |
"А" тобы | 1 | Спорттық бағдарлау | Жеңіл атлетика | Коньки тебу спорты | Пара жүзу | Асық ату |
2 | Гір спорты | Грек-рим күресі | Керлинг | Пара жеңіл атлетика | Жекпе-жек | |
3 | Муайтай | Велосипед спорты | Биатлон | Пара пауэрлифтинг | Қазақ күресі | |
4 | Кекушинкай каратэ | Бокс | Шорт-трек | Пара үстел теннисі | ||
5 | Президенттік көпсайыс (полиатлон) | Еркін күрес | Пара шаңғы жарысы | |||
6 | Таэквондо ИТФ (I.T.F.) | Батуттық гимнастика | ||||
7 | Кикбоксинг | Ауыр атлетика | ||||
8 | Би спорты | Жүзу | ||||
9 | Қол күресі | Баскетбол | ||||
10 | Белбеу күрес | Классикалық волейбол | ||||
11 | Спорттық акробатика | |||||
12 | Шахмат | |||||
13 | Жеңіл атлетика (сурдо) | |||||
14 | Арбадағы би (паралимпиадалық емес) | |||||
15 | Арбамен жарыс (паралимпиадалық емес) | |||||
16 | Қол күресі (паралимпиадалық емес) | |||||
17 | Биатлон (паралимпиадалық емес) | |||||
18 | Дойбы (паралимпиадалық емес) | |||||
19 | Жатып сығымдау (паралимпиадалық емес) | |||||
20 | Шахмат (паралимпиадалық емес) | |||||
"В" тобы | 1 | Өрт сөндіру және өрттен құтқару спорты | Футбол | Шаңғы жарысы | Бәйге | |
2 | Пауэрлифтинг | Үстел теннисі |
Шайбалы | Аударыспақ | ||
3 | Допты хоккей | Дзюдо | Тоғызқұмалақ | |||
4 | Шинкиокушинкай каратэ | Көркем гимнастика | Көкпар | |||
5 | Бильярд | Әйелдер күресі | ||||
6 | Шағын футбол | Семсерлесу | ||||
7 | Қоян-қолтық ұрыс | |||||
8 | Самбо | |||||
9 | Панкратион | |||||
10 | Шағын футбол (сурдо) | |||||
"С" тобы | 1 | Мұзға өрмелеу | Көгалдағы хоккей | Тау шаңғысы спорты | Жамбы ату | |
2 | Мейбукан Годзю-рю карате-до | Спорттық гимнастика | Теңге ілу | |||
3 | Каратэ (WKF) | Теннис | Құсбегілік | |||
4 | Спорттық туризм | Триатлон | ||||
5 | Джиу-джитсу | |||||
6 | Футзал | |||||
7 | Кудо | |||||
8 | Зендокай Будо каратэ-до | |||||
9 | Ушу | |||||
10 | Кунг-фу | |||||
11 | Футбол (сурдо) | |||||
Ескертпе: аббревиатуралардың түсіндірмесі:
ИТФ (I.T.F.) – International taekwondo federation (Халықаралық таеквондо федерациясы)
Сурдо – Сурдолимпиадалық спорт түрлері
WKF – World karate federation (Дүниежүзілік каратэ федерациясы)