Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8, 11-баптарына сәйкес аудан мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тобыл кенті және Бейімбет Майлин ауданы елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 30.05.2025 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)2. Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары схемаларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3, 4-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 30.05.2025 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин аудан маслихатының төрағасы | Д. Мартин |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 6 сәуірдегі | |
№ 8 шешіміне | |
1-қосымша |
Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кенті жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 30.05.2025 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 6 сәуірдегі | |
№ 8 шешіміне | |
2-қосымша |
Бейімбет Майлин ауданының елді мекендері жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 30.05.2025 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 6 сәуірдегі | |
№ 8 шешіміне | |
3-қосымша |
Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кенті жерлерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Ескерту. Шешім 3-қосымшамен толықтырылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 30.05.2025 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Аймақ номері | Бағалау аймағының шекаралары | Түзету коэффициенттері |
1 | I | Тобыл кенті, Жеңіс көшесінен темір жол бойымен Тобыл ауылының батыс шекарасына дейін, одан әрі батыс және солтүстік шекаралармен. Целинная, Қостанай көшелерінен Жеңіс, Западная, Северная, Элеваторная көшелеріне дейін Жеңіс, Станционная, Достық көшелеріне дейін Жеңіс, Тобольская, Викторовская, Рабочая, Тәуелсіздік көшелеріне дейін Жеңіс, Бейбітшілік көшелеріне дейін (004), Жеңіс көшесіндегі теміржол жолдарынан Тобыл кентінің солтүстік шекарасына дейін, содан кейін Солтүстік және шығыс шекарасы. Титов, Таран, Молодежная, Гагарин, Строительная, Достық, Самал, Комсомольская, аурухана тұйығы, Бірлік, ДЭУ-23, Юбилейная, Восточная, Станциялық тұйық көше, Путейская, Тәуелсіздік көшелерінен Жеңіс, бейбітшілік көшелерінен Достық Жеңіс, Элеваторная көшелерінен (005) | 1,9 |
2 | II | Тобыл кенті (оңтүстік бөлігі) теміржол жолдарының солтүстік шекарасынан кенттің шығыс, оңтүстік және батыс шекаралары бойынша, одан әрі теміржол жолдарының солтүстік шекарасынан кенттің шығыс шекарасына дейін. Южная, Нефтебазовская, Болашақ, Степная, Новая, Бақыт, Каменный карьері, КСМК, Водрем-303, Школьный тұйық, Карьерная, Панфилов көшелері, өнеркәсіптік аймақ (003) | 1,5 |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 6 сәуірдегі | |
№ 8 шешіміне | |
4-қосымша |
Бейімбет Майлин ауданының елді мекендері жерлерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Ескерту. Шешім 4-қосымшамен толықтырылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 30.05.2025 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).