Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Балқаш қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасы | А. Муслымов |
| Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы №8/71 шешіміне 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.03.2025 № 20/168 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына (бұдан әрі –Үлгілік Қағида) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің және атаулы күндерінің тізбесі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні-15 ақпан;
2) 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні;
3) 26 сәуір - Чернобыль АЭС апатты еске алу күні;
4) 7 мамыр-Отан қорғаушы күні;
5) 9 мамыр-Жеңіс күні;
6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні;
7) 1 қазан - Қарттар күні;
8) Қазан айының екінші жексенбісі - Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күні;
9) 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні.
Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыс әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі.
7. Алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күніне:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш;
2) 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған және I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, сондай – ақ құрамында төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні – 26 сәуір;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасына қоныс аудару және қоныс аудару аймақтарынан эвакуацияланған (өз бетінше кеткен) адамдарға 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне:
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 9 мамыр - Жеңіс күніне:
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) 31 мамыр- саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне:
саяси қуғын - сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) 1 қазан-Қарттар күніне:
жетпіс бес жасқа толған және одан асқан адамдарға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) қазан айының екінші жексенбісі - мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) алып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);10) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне:
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан, "Жаппай саяси қуғын – сүргін құрбандарын оңалту туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен адамдар-95 (тоқсан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
11) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде, оқиға басталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей, азаматтың (отбасының) табысына қарамастан, әлеуметтік көмек 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет көрсетіледі;
12) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде, оқиға басталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей, азаматтың (отбасының) табысына қарамастан, әлеуметтік көмек 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет көрсетіледі
13) әлеуметтік маңызы бар "туберкулез" ауруы болған кезде, амбулаториялық емделу кезеңінде, азаматтың (отбасының) табысына қарамастан, әлеуметтік көмек 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына 1 (бір) рет көрсетіледі және өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады
14) әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде, әлеуметтік көмек республикалық бюджет туралы Заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 1 (бір) еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамға 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына 1 (бір) рет көрсетіледі және өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады
15) алып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);16) әлеуметтік маңызы бар, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған ауруы болған кезде, балаларға, азаматтың (отбасының) табысына қарамастан, әлеуметтік көмек он сегіз жасқа дейінгі баланың заңды өкіліне Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2,0 (екі) еселенген мөлшерінде, ай сайын көрсетіледі;
17) қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек, меншік иелері болып табылатын пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаған және республикалық бюджет туралы Заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 2 (екі) еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде жасына байланысты зейнеткерлерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, көпбалалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қорғаншыларына немесе қамқоршыларына жүргізіледі.
Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің қатты отын сатып алуға байланысты нақты шығындары негізге алына отырып айқындалады, жылыту маусымының басында 1 (бір) рет 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Бір жеке тұрғын үйде отын сатып алуға әлеуметтік көмек алуға құқығы бар бірнеше адам тұрған жағдайда өтемақы олардың біреуіне ғана төленеді.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымының басында келесі құжаттарды қоса бере отырып өтінішпен жүгінеді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) адамның қатты отын сатып алуға жұмсаған шығындарын растайтын акті және/немесе құжат (чектердің көшірмелері, жүкқұжат, анықтама, т. б.);
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәлігі, жергілікті атқарушы органның қаулысы не бұйрығы);
5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
6) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады
18) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы Заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспағанда, әлеуметтік көмек бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келесі санаттарға көрсетіледі:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, анықтама негізінде босатылған күннен бастап үш айдан кеш емес;
2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, анықтама негізінде босатылған күннен бастап үш айдан кеш емес;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адамдарға;
4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға.
Әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) негізінде есептеледі.
Отбасының құрамы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларының 10-тармағына сәйкес айқындалады. Отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісін есепті кезеңдегі (алдыңғы тоқсандағы) отбасының жиынтық кірісі көрсетілген кезеңдегі айлар санына (үш ай) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі.
Осы Қағидалардың 7-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген адамдарға, егер олар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болмаса, әлеуметтік көмек көрсетіледі.
19) алып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);20) алып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21) Табыс есебінсіз біржолғы әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
21-1) Қазақстан Республикасы аумағында санаторийлік-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі:
санаторийлік-курорттық ұйымда бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды (заңнамаға сәйкес, еңбек жарақатын алған немесе жұмыс берушінің кінәсінен кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек адамдарды қоспағанда) бірге алып жүргені үшін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдендірілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде жылына бір рет көрсетіледі;
Қазақстан Республикасы "Ардагерлер туралы" Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес ардагерлерге табысына қарамастан санаторийлік-курорттық ұйымда 14 күннен аспайтын мерзімде болу құнын, бірақ мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторийлік-курорттық емдеуге кепілдендірілген сомадан аспайтын жылына 1 (бір) рет өтем түрінде;
70 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге республикалық бюджет туралы Заңда тиісті қаржы жылына белгіленген екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, санаторийлік-курорттық ұйымда болған 12 күнге дейін жылына 1 (бір) рет мүгедектігі бар адамдар үшін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдендірілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын құнын өтеу түрінде (әзірленген абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда).
Бірнеше негіздер болған кезде санаторийлік-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша тағайындалады.
Әлеуметтік көмек санаторийлік-курорттық ем алған сәттен бастап екі айдан кешіктірілмей келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде ұсынылады:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) шот-фактура;
3) орындалған жұмыстар актісі;
4) табыс ескеріле отырып көрсетілетін санаттар үшін адамның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
5) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы шоттың нөмірі туралы мәліметтер.
Санаторийлік-курорттық емдеуден өту орнына дейін және кері қайту жолақысы құнын төлеу санаторий-курорттық ем алушының өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
21-2) коммуналдық қызметтерге төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетіледі:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;
1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына.
Әлеуметтік көмек азаматтардан өтініштер талап етілмей, табыс есебінсіз, Мемлекеттік корпорация ұсынған тізімдер бойынша, 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылыту маусымының басында жылына бір рет көрсетіледі;
21-3) "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын көп балалы отбасыларға мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған ақпарат негізінде ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Төлем күнтізбелік жылда бір рет (ағымдағы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша) бір балаға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін ЖАО белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) республикалық бюджет туралы Заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
5) алып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);6) алып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) алып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс ЖАО-мен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
11. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері Мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
12. Әлеуметтік көмек Үлгілік қағидалардың 12-20 тармақтарына сәйкес тәртіппен және мерзімдерде көрсетіледі.
13. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда жүзеге асырылады.
14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Балқаш қаласының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Әлеуметтік көмек көрсету:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс кеткен;
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).16. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
17. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
18. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын (белсенді) азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.
Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
19. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті Мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.
20. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде Мемлекеттік корпорация:
біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;
ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша төлем жасалатын айдың алдындағы айдың 27-і күні әлеуметтік көмек төлеу үшін бюджет қаражатына сұранысты қалыптастырады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).21. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін Мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.
Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.04.2026 № 29/238 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).22. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банктік шоттарына төлеуді жүзеге асырады.
23. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.
24. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға аударады.
25. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
| Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 шешіміне 2- қосымша |
Балқаш қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2519 болып тіркелген).
2. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №26/208 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2582 болып тіркелген).
3. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 ақпандағы №35/288 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2982 болып тіркелген).
4. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 мамырдағы №2/21 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3836 болып тіркелген).
5. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №7/67 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4108 болып тіркелген).
6. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №18/160 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4720 болып тіркелген).
7. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 22/196 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4960 болып тіркелген).
8. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №24/210 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5072 болып тіркелген).
9. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 маусымдағы №29/249 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5385 болып тіркелген).
10. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №35/285 "Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5662 болып тіркелген).
11. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 ақпандағы №2/16 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6200 болып тіркелген) шешімі.
12. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі №2/19 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №24/176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6400-09 болып тіркелген).