"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 4 тармағына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 3 қарашадағы № 26-115 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №116351 тіркелген) Сарқан аудандық мәслихатының шешімін күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы | М. Разбеков |