Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде және Жем қаласы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жем қаласындағы В. Унучко көшесі Сағадат Нұрмағанбетов көшесі деп қайта аталсын.
2. "Мұғалжар ауданының Жем қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мұғалжар ауданы Жем қаласы әкімі | Ж. Бисенов |