ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасында Әлеуметтік кодексінің 242-бабы 5-тармағына, "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе ебек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 27 маусымдағы № 256 Бұйрығына 1-қосымша |
Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 242-бабы 5 тармақшасына, "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) АХАЖ ЦЖ – "Азаматтардың хал актілерін жазу" цифрлық жүйесі;
3) "Е-макет" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Е-макет" АЦЖ) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды электрондық тағайындау" автоматтандырылған цифрлық жүйесі;
4) "БХТ" ЦЖ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Бекітілген халық тіркелімі" цифрлық жүйесі;
5) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
6) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары;
7) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – Әлеуметтік кодекспен белгіленген жағдайларда төлем түрлерін жүзеге асыруға арналған уәкілетті мемлекеттік органның орталықтандырылған дерекқоры;
7-1) Отбасының цифрлық картасы – әлеуметтік-еңбек саласы платформасында іске асырылған, "цифрлық үкімет" платформасынан және мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынатын деректер негізінде адамдардың (отбасылардың), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының тізімдерін қалыптастыруды және оларды әлеуметтік саламаттылық деңгейі бойынша бөлуді қамтамасыз ететін талдамалық шешім;
8) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) – республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш білдірген жеке тұлға;
9) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
10) республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (көрсетілетін қызметті беруші) (бұдан әрі – жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның ведомстволық аумақтық бөлімшелері;
11) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган
12) цифрлық құжаттардың сервисі – операторға бекітілген және цифрлық объектісіндегі мәліметтер негізінде қалыптастырылған құжаттарды электронды түрде көрсетуге және пайдалануға арналған "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектісі;
13) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі –ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
15) электрондық іс макеті (бұдан әрі –ЭІМ) – Мемлекеттік корпорацияда Е-макет АЦЖ қалыптастыратын республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлем (бұдан әрі – жерлеуге арналған біржолғы төлем) алушының электрондық іс макеті.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.03.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2026 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.05.2026 № 193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға, Мемлекеттік корпорацияға және "цифрлық үкiметтiң" операторына жібереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 193 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қайтыс болған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды (бұдан әрі – алушы) алушыны жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау үшін жерлеуді жүзеге асырған жеке тұлға өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі болған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы;
2) портал арқылы;
3) проактивті қызмет арқылы жүзеге асырылады (ұялы байланыс абоненттік құрылғысы).
Төлем тағайындау бойынша проактивті қызметтер көрсету тәртібі осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем Әлеуметтік кодекстің 6-бабының 3-тармағына сәйкес мұқтаждық қағидаты бойынша және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және тәртіппен банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) қалдық берешек сомасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, тексеруге, жаңартып отыруға және беруге келісім (бұдан әрі – келісім) болған кезде ұсынылады.
Адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының келісім бермеуі әлеуметтік қорғау шараларын ұсынудан бас тартуға негіз болады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асыру тәртібі
5. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы жерлеуді жүзеге асырған жеке тұлғаға жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындауға өтініш берген жағдайда өтінішке жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі болған кезде өтініш берушінің ЭЦҚ-мен, сондай-ақ ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы қол қойылады немесе куәландырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Құжаттарды қабылдайтын маман "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы цифрлық жүйелерге (бұдан әрі – ЦЖ) сұрау салулар қалыптастырады:
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры ЦЖ.
Алушының қайтыс болғаны туралы куәлік бойынша – "АХАЖ" ЦЖ.
Әлеуметтік саламаттылық деңгейін айқындау үшін Отбасының цифрлық картасына сұрау салу.
Электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисі арқылы қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Жерлеуді жүзеге асырған жеке тұлға ЦЖ мәліметтер болмаған кезде өтінішке қоса беріледі:
1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат;
2) алушының қайтыс болғаны туралы хабарлама немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсынған кезде нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне аудармасының дұрыстығын куәландырады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Жерлеуге арналған біржолғы төлем мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес регламенттелген.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, сондай-ақ ЦЖ-дан алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін жаңғырту сапасын және олардың түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 193 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Өтініш беруші құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды өтініш берушіге тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат дереу беріледі.
11. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде жерлеуге біржолғы төлем тағайындау туралы өтініш, егер жерлеуге біржолғы төлем алуға өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей келіп түссе, осы Қағидаланың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтардың төлем тағайындау туралы өтініштерін тіркеудің электрондық журналында тіркеледі.
12. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы электрондық қолхат жібереді (өтініш берушінің өзі жеке жүгінген кезде қолхат қағаз форматта беріледі).
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.12.2024 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Портал арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асыру тәртібі
13. Өтініш беруші бір жолғы жәрдемақыларды тағайындауға портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және өтініште көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ЦЖ-ға сұрау салу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ЦЖ-дан өтініш беруші өзі жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұрау салынған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды портал арқылы жүзеге асырған өтініш беруші электрондық өтінішті өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және оны "Е-макет" автоматтандырылған АЦЖ-ға жібереді.
Біржолғы төлемдерді тағайындауға портал арқылы келіп түскен төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:
1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
2) көрсетілген қайтыс болған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау фактісінің болмауы;
3) көрсетілген қайтыс болған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;
4) адамның қайтыс болған күніне жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны алушы ретінде оның мәртебесі;
5) жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен үш жылдан кешіктірілмей жүгіну;
6) көрсетілетін қызметті алушының отбасының (тұлғаның, үй шаруашылығының) әлеуметтік салауаттылық деңгейін бағалау нәтижелері бойынша мұқтаждық қағидатына сәйкестігі.
Көрсетілген параметрлер бойынша тексеру нәтижесі оң болған жағдайда өтініш өңдеуге арналған "Е-макет" АЦЖ кіріс хабарламалар журналына ауыстырылады.
13-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтары 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 бұйрығымен (мәтіндері алып тасталды).Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-параграф. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызметтер арқылы жүзеге асыру тәртібі
14. Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезінде өтініш беру талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушыны айқындау үшін "Е-макет" АЦЖ арқылы қайтыс болу туралы акт жазбасын тіркеуге өтініш білдірген адам туралы мәліметтерді алуға АХАЖ ЦЖ-ға не қайтыс болған адамның денесін алып кеткен адам туралы мәліметтерді алу үшін БХТ ЦЖ – ға сұрау салу бастамашылық етіледі.
Мемлекеттік органдардың ЦЖ-дан қажетті мәліметтерді алған кезде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және тәртіппен банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) қалдық берешек сомасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, тексеруге, жаңартып отыруға және беруге келісім алуға бастамашылық етіледі.
Өтініш берушінің әлеуметтік саламаттылық деңгейі бойынша төлем алуға мұқтаждар санатына жатқызылған жағдайда "Е-макет" АЦЖ арқылы жерлеуге біржолғы төлем тағайындау мүмкіндігі туралы sms-хабарға бастамашылық жасалады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан басқа да қажетті мәліметтерді алғаннан кейін, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы банктік шоттың нөмірін растау немесе ұсыну туралы sms-хабар жібереді.
Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға келісім алған күн проактивті қызмет арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға жүгінген күн болып есептеледі.
16. Көрсетілетін қызметті алушының келісімін алған жағдайда "Е-макет" АЦЖ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға азаматтардың өтініштерін (өтінімдерін) тіркеудің электрондық журналында өтінішті автоматты түрде тіркеуді жүзеге асырады, содан кейін өтініш берушіге уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілген параметрлер бойынша тексеруден өтпеген жағдайда "Е-макет" АЦЖ өтініш берушіге электрондық өтінімнің қабылданбағаны туралы хабарламаны автоматты түрде ұсынады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 193 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі
17. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға ЭІМ және электрондық шешім жобасын қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.
Мемлекеттік корпорацияның филиалы бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, есептеудің және ЭІМ мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді және жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешім қабылдау үшін жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган электрондық құжаттармен келіп түскен электрондық шешім жобасын қарайды, олар жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
18. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіні көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама арқылы біржолғы төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
Жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы sms-хабарламалар осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша sms-хабарламалар журналында тіркеледі.
Порталда жерлеуге біржолғы төлем тағайындау туралы ақпарат уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" жіберіледі.
19. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімінің негізінде олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатына өтінімді, тізім-ведомосін қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19-1. Жерлеуге берілетін біржолғы төлем ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы(проактивті қызмет) немесе порталы арқылы тағайындаған жағдайда, "Е-макет" АЦЖ автоматты түрде:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ЭІМ және жерлеуге берілетін біржолғы төлем тағайындау туралы шешімнің электрондық жобасын қалыптастырады, көрсетілетін қызыметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ арқылы шешімнің электрондық жобасын бекітеді;
ЭМД-да тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда, сондай-ақ өтініш берушіні "А" (жоғары) немесе "В" (жеткілікті) әлеуметтік саламаттылық деңгейлеріне жатқызған жағдайда, жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қалыптастырылады.
"ОДҚ" АЦЖ-да төлем үшін шешімнің электрондық жобасын қоюды автоматты түрде жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.12.2024 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.20. Мемлекеттік корпорация жерлеуге арналған біржолғы төлемді аударуды жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
21. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.
22. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.
23. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.
24. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
25. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
26. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаның көрсетілетін қызметті берушісі әкімшілік процедура қатысушысының әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігіне) қарсы болған лауазымды тұлғасына ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдау жүргізеді.
27. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
28. ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
29. Мемлекеттік корпорация жерлеуге арналған біржолғы төлемдердің тағайындалған сомаларын уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылатын төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді.
30. Уәкілетті мемлекеттік орган тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде төлеуге қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.
31. Уәкілетті мемлекеттік орган төлеуге арналған бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде бюджет қаражатын Мемлекеттік корпорацияға аударуды жүзеге асырады.
32. Төлем айына қажеттілік қалыптасқаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға енгізілуге тиіс.
33. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алып, төлеу графигіне сәйкес жәрдемақыны төлеуге төлем тапсырмаларын, сондай-ақ жәрдемақыдан ұстап қалуларды қалыптастырады.
34. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуді Мемлекеттік корпорация жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті органдағы банк шоттарына енгізі арқылы жүзеге асырады.
35. Алушыларға жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеу бойынша өзара қарым-қатынас, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзгеше белгілемесе, Мемлекеттік корпорация мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттар негізінде регламенттеледі.
36. Жәрдемақыны төлеумен байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
37. ЦЖ олардың тағайындалуына сәйкес ЦЖ үзіліссіз жұмыс істеуі мен өзектілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығын қамтамасыз етеді. Уәкілетті мемлекеттік органның ЦЖ берілетін деректердің толықтығын, дәйектілігін, өзектілігі мен уақтылығын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық өзара іс-қимыл ЭЦҚ қолдана отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы Бірыңғай көлік ортасы арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу кезінде ақпаратты қорғау мемлекеттік органдардың бірыңғай қорғалған көлік ортасы есебінен де, сол сияқты техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар есебінен де қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 193 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингін ЦЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді автоматтандырылған режимде енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 193 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
Жеке сәйкестендіру нөмірі______________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________(мекенжайы бойынша тұрады, телефоны)
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_____________________________________________________________________
(мекенжайы бойынша тұрған)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні) жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауды сұраймын.
Жерлеуге арналған біржолғы төлемді _банк филиалының № ___, "Қазпошта" акционерлік қоғамының №______ банк шотына аударуды сұраймын.
Шот типі: дербес шот ______________ карта шоты_______________________
Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін қажетті дербес деректерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен жинауға, өңдеуге, тексеруге, өзектендіруге және беруге, сондай-ақ мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімді (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) берешектің қалдық сомасы туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Өзін банк шотының иегері және екінші денгейдегі банктердегі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларының түрлеріне лицензиясы бар ұйымдарда, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтың бөлімінде банк шотының нөмірлері туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейді.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
1 | |||
2 | |||
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны ____________ ұялы телефон ________________ Е-maіl_______
Өтініш берген күні: 20__ жылғы "_____" _____________________________
Өтініш берушінің қолы / ЭЦҚ / sms-хабарламалар
_____________________________________________
Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:___ жылғы __________._____________._______
сағат _______ минут ________ секунд _______
Азамат___________________________________________________________
өтініші № __ болып тіркелді, құжаттар қабылданған күн 20__жылғы
"__"_________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы)
| Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 193 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік қызметтің атауы | Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3 |
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау: |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Мемлекеттік корпорация арқылы – 3 (үш) жұмыс күні; |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде, проактивті |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама. |
8. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариаты куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: |
ЗҚАИ-ның ескертпесі! | ||
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады: |
12 | Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Қағидаларды 2-1-қосымшамен толықтыру көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-қоосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
ҚОЛХАТ
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 193 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
_____________________________________________________
(төлемнің түрі)
20 ___ жылғы "___" ______________
Азамат _____________________________________ _________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Туған күні _____ жылғы "___" ____________
Жүгінген күні 20__ жылғы "___"____________________________________
Орталық атқарушы органның цифрлық жүйесі бойынша өтінішті тағайындау, төлеу
немесе беру фактісі расталады
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы)
| Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Электрондық тіркеу журналы
азаматтардың тағайындау (қайта есептеу) туралы өтініштер
______________________________________
(төлемнің түрі)
Өтініштің № | Тіркеу күні | Жүгіну күні | Бөлімше коды | Істің № | Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған күні | Төлем түрі | Маман | Шешімнің /тағайындаудан бас тарту күні | Жәрдемақының мөлшері | Тағайындау күні | Тағайындау түрі |
| Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша |
"Цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Азамат _________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Туған күні: ______ жылғы "___" ___________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)_________________________________
Жерлеуге біржолғы төлем тағайындауды сұраймын:
______________________________________________________________
(қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туған күні)
__________________________________________________________________
(мекен жайы бойынша тұрған)
Мемлекеттік органдарды растау:
Қайтыс болған адам туралы мәліметтер:
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | ЖСН | Туған күні | Қайтыс болған күні | Өлім туралы акт жазбасының № | Қайтыс болуды тіркеу күні (акт жазбасы) | АХАТ бөлімінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Өтініш берушінің деректері:
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________________
Құжат сериясы: ___________ Құжат нөмірі: __________ кіммен берілді:______
Берілген күні ___ жылғы "_____"_____________________
Банк деректемелері:
Банктің атауы _________________________________________
Банк шоты № ___________________________________________________
Шот түрі: бет ___ карточкалық шот ____ Екінші деңгейдегі банктің деректемелері:
БИК _________________________________________
ЖСК________________________________________________________________
БСН_________________________________
Байланыс деректері:
Үй телефоны ___________ ұялы ____________ E-mail_____________
Өтініш беруші туралы мәліметтерді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - ҚР Әділетмині)
растайды_________(ҚР Әділетмині ЭЦҚ)
Өтініш берушінің банктік деректемелері екінші деңгейлі банктерімен (бұдан әрі –
ЕДБ) расталады______(ЕДБ ЭЦҚ)
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________________________________________________________
Берілген деректердің дұрыстығы үшін құқықтық жауаптылықта боламын
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ мұндай шоттағы ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.
Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін қажетті дербес деректерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен жинауға, өңдеуге, тексеруге, өзектендіруге және беруге, сондай-ақ мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімді (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) берешектің қалдық сомасы туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Өтініш берушінің қолы / ЭЦҚ / sms-хабарламалар _____________________
Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:______жылғы
сағат _______ минут ________ секунд _______Өтінішке қол қойылған күні
мен уақыты: ___ жылғы ____.___________сағат ____ минут _______ секунд
| Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
______________________________________
тағайындау (қайта есептеу) (төлемнің түрі) туралы азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналы
Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.04.2026 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініштің № | Тіркеу күні | Жүгіну күні | Бөлімше коды | Істің № | Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған күні | Төлем түрі | Маман | Шешімнің /тағайндаудан бас тарту күні | Жәрдемақының мөлшері | Тағайындау күні | Тағайындау түрі |
| Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Коды _________________
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ________________
облысы бойынша департаментінің
20__ жылғы "___" __________ № _________ шешімі
Қайтыс болған алушы ісінің № ___________
1. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)
Азамат ______________________________________________________
(алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Өтініш берген күні 20__ жылғы "_______" ___________ №_______________
Азамат _______________________________________________________________
(қайтыс болған алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
қайтыс болған күні 20__ жылғы "___" _________
Ұлы Отан соғысына қатысушы болған/болған жоқ (қажетінің асты сызылсын)
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің ____-бабының ________-тармағының екінші абзацына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындалсын.
Жерлеуге арналған біржолғы төлемнің мөлшері _________________________________ теңге
__________________________________________________________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
2. Жерлеуге арналған біржолғы төлемін тағайындаудан бас тартылсын
________________________________________________________________________________
(негіздеме)
М.О.
Департамент басшысы ______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқарма (бөлім) басшысы ___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Маман _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Шешімнің жобасын дайындаған:
Мемлекеттік корпорация
филиалының директоры___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мемлекеттік корпорация
филиалының маманы________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің бастығы______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің маманы________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
Sms-хабарлар журналы
_______________________________________ (төлемнің түрі)
Ескерту. 8-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.04.2026 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік корпорацияның ____________ бөлімшесі бойынша
Р/с № | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған күні | Істің № | Төлемнің түрі | sms-хабарлама жіберу күні | Телефон нөмірі | Маман |
| Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
______________________________________
(Мемлекеттік корпорация филиалы)
Өтінім
_____________________________________________________
(төлемнің түрі)
20 ___ жылғы "___" ______________ №_____________
Р/с № | Қайтыс болған зейнеткердің (жәрдемақы алушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Банктің атауы | Банк шотының № | Төлеу тәсілі | Аудандық бөлімшенің № | Төленетін сома |
Жиыны: | |||||||
Барлығы: |
_____________________
(қолдары)
______________________
(қолдары)
______________________
(қолдары)
| Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған Біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 10-қосымша |
Ескерту. 10-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 11-қосымша |
Ескерту. 11-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.10.2026 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 16116 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы, "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 15106 болып тіркелген).
3. Бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 163 бұйрығы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 20605 болып тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 424 Бұйрығы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 25259 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 396 бұйрығы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 29905 болып тіркелген).