БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 120 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 64 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 16530 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 8-тармағына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарымен жүзеге асыру, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуінің нақты қатері туындаған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін тарту тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде, өз қызметінде КОК шешімдерін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) басшылыққа алады.";
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Денсаулық туралы кодекстің 38-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен әкелуге тиым салынған өнімдерге қатысты санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу және бақылау нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынуды;".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
__________А. Ғиният |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
__________Д. Кеңбеил |