Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат хатшысы | Ж. Бисенгалиева |
| Тасқала аудандық мәслихаты 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 35-2 шешіміне қосымша |
Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,82 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,15 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,16 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,46 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,64 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,04 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,10 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,14 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,20 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,21 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,3 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,26 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,80 |
15. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,80 |
16. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
17. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,41 |
18. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,45 |
19. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 0,15 |
20. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,5 |
21. | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,15 |
22. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,23 |
23. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
24. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
25. | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,15 |
26. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,28 |