ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 112 "Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5609 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгзілісін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялардың нормалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.";
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 3-қосымшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
| Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 179 қаулысына 1-қосымша |
|
| Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 112 қаулысына 1-қосымша |
2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | 1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге |
1 | Мақсары | 15 000 |
| Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 179 қаулысына 2-қосымша |
|
| Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 112 қаулысына 2-қосымша |
2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№ | Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі, теңге | |
1 | Республикалық бюджет | 432 075 000 |