"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сарайшық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі Сарайшық ауылындағы № 12 көшеге Сапарғали Мұқалов атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округінің әкімі | Р. Тұрдағали |