"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мирное ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі Мирное ауылының көшелері қайта аталсын:
Ленин көшесін Абай Құнанбаев көшесіне;
Советская көшесін Жамбыл Жабаев көшесіне;
Киров көшесін Алексей Самсонов көшесіне;
Социалистическая көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мирный ауылдық округінің әкімі | Р. Сыздыков |