"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 35–бабына Заңына сәйкес, Көкалажар ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Көкалажар ауылдық округі Көкалажар ауылының келесі көшелері:
Новая көшесін Абай Құнанбаев көшесіне;
Целинная көшесін Мұхтар Әуезов көшесіне;
Юбилейная көшесін Қабдолла Нұғыманов көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Көкалажар ауылдық округінің әкімі | Р. Шугаипов |