"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ленинград ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ленинград ауылдық округінің Ленинград ауылының көшелері қайта аталсын:
Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Комсомол көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
Карл Маркс көшесін Сәбит Мұқанов көшесіне;
Совет көшесін Ақан сері көшесіне;
Дзержинский көшесін Шоқан Уәлиханов көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округінің әкімі |
А. Маймаков |