ШЕШТІМ:
1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1546 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің № 1 қосымшасында № 313, 323, 336, 352 сайлау учаскелерінің шекаралары және № 335, 338, 344, 345, 350, 353, 497, 536 сайлау учсекелерінің орталықтары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2. "Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Жетісу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жетісу ауданының әкімі | Г. Кокобаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Алматы қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы
№ 313 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 66 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Казаков көшесі, № 6 үй)
Шекаралары: Рысқұлов даңғылының жұп жағымен Ниязбеков көшесіне дейін; Ниязбеков көшесінің тақ жағымен Казаков көшесіне дейін; Казаков көшесінің солтүстік жағымен қалалық зираттың батыс шекарасына дейін; қалалық зираттың шекарасы бойымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Бөкейханов көшесіне дейін.
№ 323 сайлау учаскесі (орталығы: "Темірбетон-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы, Бөкейханов көшесі, № 11 үй)
Шекаралары: қалалық зираттың шығыс шекарасымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағымен Қазыбаев көшесіне дейін; Рысқұлов даңғылынан Қазыбаев көшесінің батыс жағымен ары қарай Бұлқышев көшесімен темір жол желісіне дейін; Бұлқышев көшесінен бастап, темір жол желісінің солтүстік жағымен 2-ші Гончарная көшесіне дейін; 2-ші Гончарная көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) темір жол желісі бойымен Бөкейханов көшесінің қиылысына дейін; Бөкейханов көшесінің оңтүстік жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының солтүстік жағымен қалалық зираттың шығыс шекарасына дейін.
№ 335 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 129 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Айнабұлақ-3" шағын ауданы, № 165 үй)
Шекаралары: Есентай өзенінің шығыс жағалауымен солтүстікке қарай "Айнабұлақ" шағын ауданының солтүстік шекарасының қиылысына дейін; "Айнабұлақ" шағын ауданының солтүстік шекарасы бойымен Павлодарский көшесіне дейін; Павлодарский көшесінің оңтүстігімен Мұқатай көшесіне дейін; Павлодарский көшесінен Мұқатай көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай, "Айнабұлақ-3" шағын ауданының №№ 142, 143, 143 А, 144, 145, 147, 149, 150, 151, 152, 154, 155, 156, 157, 161, 162 тұрғын үйлерін қоса алғанда.
№ 336 сайлау учаскесі (орталығы: Алматы-2 теміржол вокзалы, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, № 1 үй)
Шекаралары: Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Желтоқсан көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылымен темір жол желісіне дейін; темір жол желісімен Островский көшесіне дейін, Островский көшесінің шығыс жағымен Радищев көшесіне дейін; Радищев көшесінің оңтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін; Сүйінбай даңғылымен Назарбаев даңғылына дейін; Назарбаев даңғылының батыс жағымен темір жол желісіне дейін; темір жол желісінің солтүстік жығымен Желтоқсан көшесіне дейін; Желтоқсан көшесінің батыс жағымен Райымбек даңғылына дейін.
№ 338 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 143 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Колпаковский көшесі, № 26 үй)
Шекаралары: Колпаковский көшесінен Сүйінбай даңғылының шығыс жағымен Баянауыл көшесіне дейін; Баянауыл көшесінің оңтүстік жағымен Натаров көшесіне дейін; Натаров көшесінің батыс жағымен Мусоргский көшесіне дейін; Мусоргский көшесінің оңтүстік жағымен Жангелдин көшесіне дейін; Жангелдин көшесінің батыс жағымен Бөлтірік Шешен көшесіне дейін; Бөлтірік Шешен көшесінің солтүстік жағымен Есенов көшесіне дейін; Есенов көшесінің батыс жағымен Колпаковский көшесіне дейін; Колпаковский көшесінің солтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін.
№ 344 сайлау учаскесі (орталығы: "Кемел" дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Алматы қаласы, Жайсаң көшесі, № 22/1 үй)
Шекаралары: Бурундайский көшесінен Солтүстік айналым шоссесінің бойымен шығысқа қарай Есентай өзенінің қиылысына дейін; Есентай өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Дыбенко көшесіне дейін; Дыбенко көшесімен шығысқа қарай Ақсуат көшесіне дейін (оңтүстік жағы); Ақсуат көшесімен оңтүстікке қарай Бурундайский көшесіне дейін; Бурундайский көшесімен (батыс жағымен) оңтүстік-батысқа қарай Солтүстік айналым шоссесіне дейін.
№ 345 сайлау учаскесі (орталығы: "Кемел" дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Алматы қаласы, Жайсаң көшесі, № 22/1 үй)
Шекаралары: Есентай өзенінен Бурундайский көшесімен батысқа қарай қаланың шекарасына дейін; қаланың шекарасымен солтүстікке қарай Талант көшесіне дейін; Талант көшесімен (екі жағы) Көкжиек шағын ауданының шекарасымен шығысқа қарай Есентай өзеніне дейін; Есентай өзенімен оңтүстікке қарай Солтүстік айналым шоссесіне дейін; Солтүстік айналым шоссесімен Бурундайский көшесіне дейін, Есентай өзені қиылысымен.
№ 350 сайлау учаскесі (орталығы: Алматы автомеханикалық колледжі, Алматы қаласы, Казыбаев көшесі, № 270 үй)
Шекаралары: Тихов көшесінен Жансүгіров көшесінің бойымен оңтүстікке Рысқұлов даңғылына дейін (батыс жағы); Рысқұлов даңғылымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесімен солтүстікке (Рысқұлов даңғылындағы № 65 А үйді, Қазыбаев көшесіндегі № 7Г үйді қоспағанда) (шығыс жағы) Серіков көшесіне дейін; Серіков көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Серіков көшесіндегі №45 үйге дейін; тұйық көшемен солтүстікке қарай (шығыс жағы) "Құлагер" шағын ауданындағы № 95 А үйге дейін; "Құлагер" шағын ауданындағы № 95А үйден шығысқа қарай Омаров көшесіне дейін (оңтүстік жағы); Омаров көшесінен солтүстікке қарай Тихов көшесіне дейін (шығыс жағы); Тихов көшесінен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Жансүгіров көшесіне дейін.
№ 352 сайлау учаскесі (орталығы: "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша кірістер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, № 2 үй)
Шекаралары: Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Сүйінбай даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін; Желтоқсан көшесінің шығыс жағымен темір жол желісіне дейін; темір жол желісінің оңтүстік жағымен Назарбаев даңғылына дейін; Назарбаев даңғылының оңтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін; Сүйінбай даңғылының батыс жағымен Райымбек даңғылына дейін.
№ 353 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 129 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Айнабұлақ-3" шағын ауданы, № 165 үй)
Шекаралары: Есентай өзенінен бастап Бурундайский көшесінің оңтүстік жағымен, әрі оңтүстікке қарай Бурундайский көшесінің батыс жағымен Петрозаводский көшесінің қиылысына дейін; әрі батысқа қарай № 236, 159, 157, 153, 151, 149, 147 үйлердің жанымен Бурундайский көшесіндегі № 93Г үйге дейін; Бурундайский көшесінің № 93Г үйінен солтүстік-батысқа қарай шығыс жағымен № 93 және № 93 Д үйлерінің арасымен Мещерский көшесіне дейін; Мещерский көшесінің шығыс жағымен өткелге дейін Ермолов тұйық көшесіне дейін; әрі батысқа қарай Павлодарский көшесіне дейін; Павлодарский көшесінің батыс жағымен Мещерский көшесіне дейін; Мещерский көшесімен (екі жағы) оңтүстікке қарай, № 101 үйді қоса алғанда Ермолов көшесіне дейін, әрі қарай "Айнабұлақ-3" шағын ауданының солтүстік шекарасына дейін; "Айнабұлақ-3" шағын ауданының солтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай Есентай өзеніне дейін; Есентай өзенінің арнасы бойымен солтүстікке қарай Бурундайский көшесінің қиылысына дейін.
№ 497 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 193 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы "Кемел" шағын ауданы, Жар-жар көшесі, № 54 үй)
Шекаралары: Кемел шағын ауданы шекарасы: М.Сералин көшеснің № 1-ден № 23-ке дейінгі үйлер, Национальный көшесінің № 1-ден № 57-ге дейінгі үйлер, Жанбота көшесінің № 1-ден № 24-ке дейінгі үйлер, Жидебай көшесінің № 1-ден № 79, № 79А-ға дейінгі үйлер, Жолымбет көшесінің № 1-ден № 51, № 51А-ға дейінгі үйлер, Д.Құдабайұлы көшесінің № 1-ден № 164-ке дейінгі үйлер, Кеңсуат көшесінің № 1-ден № 70-ке дейінгі үйлер, Жар-жар көшесінің № 1-ден № 75-ке дейінгі үйлер, Дауылпаз көшесінің № 1-ден № 26-ға дейінгі үйлер, Көкшолақ көшесінің № 1-ден № 34-ке дейінгі үйлер, Қартқожа көшесінің № 1-ден № 21-ге дейінгі үйлер, Қоңыртөбе көшесінің № 1-ден № 8, № 8А-ға дейінгі үйлер, Бидайық көшесінің № 1-ден № 19-ға дейінгі үйлер, тұйық көшелер: Ақбөбек көшесінің № 1-ден № 17-ге дейінгі үйлер, Насихат көшесінің № 1-ден № 14-ке дейінгі үйлер.
№ 536 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 148 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Құлагер" шағын ауданы, № 52 үй)
Шекаралары: Сұлтанка өзенінің бойымен солтүстік-батыс бағытқа қарай (батыс жағы) Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесімен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) "Құлагер" шағын ауданы № 26 үйге дейін; "Құлагер" шағын ауданының № 25, № 26, № 37 үйлерін қоспағанда тұйық көшемен солтүстік-шығыс бағытқа қарай (солтүстік жағы) "Құлагер" шағын ауданы № 36 үйге дейін; "Құлагер" шағын ауданы № 36 үйді қоса алғанда тұйық көшемен солтүстік бағытқа қарай (батыс жағы) "Құлагер" шағын ауданы № 34 үйге дейін; "Құлагер" шағын ауданы № 34 үйді қоса алғанда тұйық көшемен шығыс бағытқа қарай (солтүстік жағы) Сұлтанка өзеніне дейін.