Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Денисов аудандық мәслихатының хатшысы | А. Мурзабаев |
| Денисов аудандық мәслихатының | |
| 2022 жылғы 9 маусымдағы | |
| № 45 шешіміне | |
| қосымша |
Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,25 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,38 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,0 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,85 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 1,27 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,67 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0075 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,37 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,22 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,7 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,02 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,09 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,05 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,64 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,3 |
16 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,15 |
17 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,5 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,0 |
19 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,8 |
20 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |
21 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,3 |
22 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |