Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Рудный қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат хатшысы | С. Байгужин |
| Мәслихаттың | |
| 2022 жылғы 15 сәуірдегі | |
| № 117 шешіміне | |
| қосымша |
Рудный қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объект | Есептеу бірлігі | Жылдық норма, 1 есептік бірлікке текше метр |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,625 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,63 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да сол сияқты объектілер | 1 орын | 1,55 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 3,50 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,64 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,28 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,00052 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,47 |
8 | Мектептер және басқа да оқу орындары | 1 оқушы | 0,22 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін орындар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,82 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залдары, интернет - кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,48 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м² | 0,08 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,016 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы ауданы 1 м² | 0,16 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіптік-тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,26 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м2 | 0,78 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,80 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Сауда алаңы 1 м2 | 0,14 |
18 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы ауданы 1 м² | 0,17 |
19 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,21 |
20 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 3,43 |
21 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 6,65 |
22 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,31 |
23 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,85 |
24 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техника жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м² | 0,13 |
25 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м² | 0,17 |
26 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және т. б.) | 1 жұмыс орны | 1,72 |
27 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м² | 0,42 |
28 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,13 |