Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 5)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
| Мәслихаттың | |
| 2022 жылғы 20 сәуірдегі | |
| № 172 шешіміне | |
| қосымша |
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 06.05.2025 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Реті бойынша номір | Арнайы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері |
1 | Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1 000 текше метр | 221,4 |
2 | Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1 000 текше метр | 631,6 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге/1 000 текше метр | 174,2 |
4 | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1 000 текше метр | 174,2 |