Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түпқараған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Меңдіханов |
| Түпқараған аудандық мәслихатының | |
| 2022 жылғы 19 шілдедегі | |
| № 15/92 шешіміне қосымша |
Түпқараған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлігіне жылдық норма, м3 |
1.1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 2,04 |
1.2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,04 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,82 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 2,04 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,44 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,35 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,44 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,04 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,44 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,87 |
10. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,023 |
11. | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,07 |
12. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
13. | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,87 |
14. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,87 |
15. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,87 |
16. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 1,8 |
17. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,9 |
18. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,9 |
19. | Шаштараздар, сұлулық салондары | 1 жұмыс орны | 2,43 |