Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жуалы ауданы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Жуалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3368 тіркелген);
2) Жуалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 355 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3889 тіркелген).
2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жуалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | О. Каржауов |