Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8338 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сандықтау аудандық мәслихатының хатшысы | Г. Кадырова |
| "Сандыктау аудандық мәслихатының аппараты" ММ 2022 жылғы 28 шілдедегі № 22/3 1 қосымша |
|
| Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/1 шешіміне 1 қосымша |
Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
1. Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жанындағы орталық алаң;
2) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаң;
3) Барақпай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Барақпай ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы орталық алаң;
4) Белгородское ауылы, Целинная көшесі, Сандықтау ауданы "Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталық алаңы;
5) Красная поляна ауылы, Еңбек көшесі, Сандықтау ауданы "Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында;
6) Васильевка ауылы, Мағжан Жұмабаев көшесі, 20, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Васильев ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы алаң;
7) Веселое ауылы, Балуан Шолақ көшесі, 4, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Веселое ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы орталық алаң;
8) Приозерное ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 34, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Приозерное ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы орталық алаң;
9) Каменка ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 89, Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы алаң;
10) Лесное ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі, 3, Сандықтау ауданы "Лесное ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы алаң;
11) Мәдениет ауылы, Амангелді Иманов көшесі, 17, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Культуринск ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы алаң;
12) Максимовка ауылы, Мұстафа Шоқай көшесі, 33, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Максимов ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы алаң;
13) Новоникольское ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Новоникольск ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы орталық алаң;
14) Сандықтау ауылы, Орталық көшесі, 21, Сандықтау ауданы "Сандыктау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы алаң;
15) Богородка ауылы, Орталық көшесі, 14, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Сандықтау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы Богородка медициналық пунктінің ғимаратындағы алаң.
2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруттары:
1) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі бойынша № 102 - үйден бастап "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы орталық алаңға дейін;
2) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі бойынша № 170 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашино аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты алдындағы алаңға дейін;
3) Барақпай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі бойынша "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Барақпай жалпы негізгі білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Барақпай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты алдындағы алаңға дейін;
4) Белгородское ауылы, Целинная көшесі бойынша № 1 - үйден бастап Сандықтау ауданының "Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы орталық алаңға дейін;
5) Красная поляна ауылы, Еңбек көшесі бойынша Абай Құнанбаев көшесінің қиылысынан бастап Тәуелсіздік 25 жылдығы көшесінің қиылысындағы алаңға дейін.
6) Васильевка ауылы, Александр Пушкин көшесі бойынша № 29 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Васильевка ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы алаңға дейін;
7) Веселое ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі бойынша № 12 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Веселое ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы алаңға дейін;
8) Приозерное ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі бойынша № 50 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынын жанындағы Приозерное ауылдық мәдениет үйі ғимаратының орталық алаңына дейін;
9) Каменка ауылы, Жеңіс көшесі бойынша "Каменка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан бастап Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Каменка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы алаңға дейін;
10) Лесное ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі бойынша № 38 - үйден бастап Сандықтау ауданының "Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңға дейін;
11) Мәдениет ауылы, Малай көшесі бойынша № 1 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Культуринск ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы алаңға дейін;
12) Максимовка ауылы, Мұстафа Шоқай көшесі бойынша № 82 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Максимов ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы алаңға дейін;
13) Новоникольское ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көше бойынша 18 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашино аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Новоникольск ауылдық мәдениет үйінің жанындағы алаңға дейін;
14) Сандықтау ауылы, Орталық көшесі бойынша № 1 - үйден бастап Сандықтау ауданының "Сандықтау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңға дейін;
15) Богородка ауылы, Орталық көшесі бойынша № 2 - үйден Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Сандықтау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жанындағы Богородка медициналық пункті ғимаратының алдындағы алаңға дейін.
| Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы ___________ № _____ шешіміне 2- қосымша |
|
| Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/1 шешіміне 1 - қосымша |
Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
3. Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы орталық алаң, шекті толу нормасы 100 адам;
2) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
3) Барақпай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашино аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Барақпай ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы орталық алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
4) Белгородское ауылы, Целинная көшесі, Сандықтау ауданы "Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
5) Красная поляна ауылы, Еңбек көшесі, Сандықтау ауданы "Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
6) Васильевка ауылы, Мағжан Жұмабаев көшесі, 20, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Васильев ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы орталық алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
7) Веселое ауылы, Балуан Шолақ көшесі, 4, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Веселое ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы орталық алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
8) Приозерное ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 34, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашино аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Приозерное ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы орталық алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
9) Каменка ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 89, Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы орталық алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
10) Лесное ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі, 3, Сандықтау ауданы "Лесное ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
11) Мәдениет ауылы, Амангелді Иманов көшесі, 17, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Культуринск ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы орталық алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
12) Максимовка ауылы, Мұстафа Шоқай көшесі, 33, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Максимов ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
13) Новоникольское ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Новоникольск ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
14) Сандықтау ауылы, Орталық көшесі, 21, Сандықтау ауданы "Сандыктау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
15) Богородка ауылы, Орталық көшесі, 14, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Сандықтау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы Богородка медициналық пункті ғимаратының алдындағы алаң, шекті толу нормасы 50 адам.
4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруттары:
1) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі бойынша № 102 - үйден бастап "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 100 адам;
2) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі бойынша № 170 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
3) Барақпай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі бойынша "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Барақпай жалпы негізгі білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Барақпай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
4) Белгородское ауылы, Целинная көшесі бойынша № 1 - үйден бастап Сандықтау ауданының "Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы Орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
5) Красная поляна ауылы, Еңбек көшесі бойынша Абай Құнанбаев көшесінің қиылысынан Тәуелсіздік 25 жылдығы көшесінің қиылысын алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
6) Васильевка ауылы, Александр Пушкин көшесі бойынша № 29 - үйден бастап Сандықтау ауданының Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Веселое ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
7) Веселое ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі бойынша № 12 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Веселое ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы алаңға дейін , шекті толу нормасы 50 адам;
8) Приозерное ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі бойынша № 50 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Приозерное ауылдық мәдениет үйі ғимаратының орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
9) Каменка ауылы, Жеңіс көшесі бойынша "Каменка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
10) Лесное ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі бойынша № 38 -үйден бастап Сандықтау ауданының "Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
11) Мәдениет ауылы, Малай көшесі бойынша № 1 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Культуринский ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
12) Максимовка ауылы, Мұстафа Шоқай көшесі бойынша № 82 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жанындағы Максимовка ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
13) Новоникольское ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі бойынша 18 - үйден бастап Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шанықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Балкашин аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Новоникольск ауылдық мәдениет үйінің жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
14) Сандықтау ауылы, Орталық көшесі бойынша № 1- үйден бастап Сандықтау ауданының "Сандықтау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
15) Богородка ауылы, Орталық көшесі бойынша № 2 - үйден Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Сандықтау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жанындағы Богородка медициналық пункті ғимаратының алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.
5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыс жайлар орнатуға жол берілмейді.
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арсындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Шортанды ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
10. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
| Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы ___________ № _____ шешіміне 3- қосымша |
|
| Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/1 шешіміне 3 - қосымша |
Сандықтау ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Сандықтау ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасынан 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс- тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.