"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Құмсуат ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жаркайың ауданы Құмсуат ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Садовая көшесін Наурыз көшесіне;
Октябрьский тұйық көшесін Тәуелсіздік тұйық көшесіне;
Почтовый тұйық көшесін Ардагерлер тұйық көшесіне;
Национальный тұйық көшесін Құлагер тұйық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Құмсуат ауылының әкімі | Б.Рахимжанов |