"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне, 54-1-бабының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2022 жылғы 10 қарашадағы № 184 бұйрығына қосымша |
Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне, 54-1-бабының 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың күші АҚО қызметкерлеріне (арнаулы атақтағы), әскери қызметшілеріне (ұдайы және ауыспалы құрам) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымының курсанттарына (бұдан әрі - қызметкерлер) қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) дене тәрбиесі – салауатты өмір салтын насихаттаудың және жеке құрамның дене бітімін дамытудың маңызды нысаны;
2) экологиялық тәрбие – АҚО қызметкерлерінде өрттер мен төтенше жағдайлар кезінде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік саласында практикалық білімді, іскерлікті және құндылық бағдарларын, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау, өрттер мен төтенше жағдайлардың салдарын азайту бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру;
3) экономикалық тәрбие – Заңның 16 бабымен қарастырылған өзінің міндеттерін табысты орындау үшін қажетті экономикалық білімді, дағдыларды, машықтарды қалыптастыру мақсатында АҚО қызметкерлеріне ықпал ету;
4) эстетикалық тәрбие – АҚО қызметкерлеріне олардың рухани әлемінің эмоциялық-сезімдік саласын жан-жақты дамыту мақсатында әсер ету.
3. Тәрбие және идеологиялық жұмыс осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылға арналған азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру жоспарына сәйкес АҚО-ның бөлімшелерінде жүргізілетін үздіксіз процесс болып табылады.
4. Тәрбие және идеологиялық жұмыс:
1) тоқсан сайын тақырыптық дөңгелек үстелдер, ерлік сабақтарын, жеке құрамның АҚО, соғыс және еңбек ардагерлерімен, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен, мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу;
2) тікелей басшылардың, кадр қызметінің, оның ішінде жеке құрам бойынша инспекцияның, психологтардың өздерінің қызметтік, әскери тәртіпті, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін сақтауы, Заңның 16-бабымен, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабымен қарастырылған міндеттерін ұқыпты және адал орындауы Отанға және АҚО-дағы қызметке мақтаныш, патриотизм сезімін дарыту тұрғысынан жеке құраммен жеке-тәрбие жұмысы (бұдан әрі - ЖТЖ) кезінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. АҚО кадр қызметтері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес АҚО жеке құрамымен тәрбиелік және идеологиялық жұмыс жоспары тармақтарын орындау туралы жартыжылдық жинақталған есепті 1 шілдеге және 5 қаңтарға ұсынады.
6. АҚО-дағы тәрбие және идеологиялық жұмыстың нәтижелілігін бағалау жедел-қызметтік іс-әрекеттің нәтижелері, заңдылық пен қызметтік тәртіптің жай-күйі, АҚО-ның және оның қызметкерлерінің қызметіне заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын бағалау бойынша жүзеге асырылады.
7. АҚО тәрбие жұмысының мақсаты қызметкердің азамат, кәсіпқой, АҚО-да қызмет ету қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне негізделген қасиеттерге ие жоғары адамгершілік тұлға ретіндегі жеке қасиеттерін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
8. АҚО жеке құрамымен тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:
Заңның 16-бабымен, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабымен қарастырылған міндеттерін адал орындау, сондай-ақ адамдарға кез келген жағдайда көмек көрсету үшін жеке құрамның кәсіби қасиеттерін және моральдық-психологиялық дайындығын тәрбиелеу;
жеке құрамда құтқарушының адамгершілік және кәсіби бейнесіне жауапкершілік және сатылмаушылық айрықша белгілеріне сәйкес мінез-құлық үлгісін қалыптастыру;
жеке құрамды жүктелген тапсырмаларды, Заңның 16-бабымен, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабымен қарастырылған міндеттерді адал және кәсіби орындауға, ұжымда тәртіпті және әлеуметтік қатынастарды сақтауға ынталандыру;
жеке құрамның бойына Қазақстан Республикасының заңнамаларына және басшылардың заңды бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындау;
жеке құрамның салауатты өмір салтына, дене бітімін жетілдіруге, физикалық және психологиялық жүктемелерге төзуге дайындығы мен қабілетіне қажеттілігін дамыту болып табылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Азаматтық қорғау органдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәртібі
9. АҚО тәрбие жұмысының негізгі нысандары:
1) әлеуметтік-құқықтық жұмыс;
2) жеке құрамды хабардар ету және даярлау;
3) тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту;
4) мәдени-демалыс жұмысы
5) ЖТЖ;
6) АҚО бөлімшелерінің басшыларын оқыту және тәрбие жұмысының әдістерін жетілдіру;
7) тәрбие жұмысын ұйымдастырудың оң тәжірибесін зерделеу және алмасу;
8) ақпараттық-иллюстрациялық материалдарды әзірлеу және жариялау болып табылады;
9) ақпараттық телебағдарламаларды, радиохабарларды, хроникалық-деректі фильмдерді, аудио және бейнематериалдарды тыңдау және қарау;
10) қызметкерлердің басшы құраммен, АҚО-ның, соғыс және еңбек ардагерлерімен, батырлармен, мемлекет қайраткерлерімен және белгілі адамдармен кездесулері;
11) аудио және бейнематериалдарды, ақпараттық-анықтамалық материалдарды, жадынамаларды дайындау және шығару;
12) сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған қызметкерлерге қатысты жеке құрамның қатысуымен ашық сот отырыстарын өткізу және сот үкімдерін жеткізу.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-1. Тәрбие жұмысының негізгі құралдарына мыналар жатады:
1) мәдени-демалыс мекемелері;
2) ақпараттық-тәрбие жұмысының бөлмелері;
3) кітапханалар;
4) музейлер;
5) техникалық тәрбие құралдары;
6) жылжымалы ақпараттық кешендер;
7) көрнекі ақпарат құралдары;
8) АҚО құтқарушыларының құрылымдары (бұдан әрі - құрылымдар).
Ескерту. Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Тәрбие жұмысын барлық деңгейдегі АҚО бөлімшелерінің басшылары, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық органдары басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, ал олар болмаған жағдайда – тиісті қызметтер жүктелген лауазымды адамдар, кадр және тәрбие жұмысы бөлімшелері, психологтар жүргізеді және жеке құрамның жоғары кәсіби, азаматтық және моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыруға, жалпы мәдениет деңгейін арттыруға, оларды жедел-қызметтік міндеттерді тиімді орындауға жұмылдыруға бағытталған.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Тәрбие жұмысының негізгі түрлеріне:
1) Мемлекеттік Гимнді, Қазақстан Республикасының нышандарын, Төтенше жағдайлар министрлігінің Туын және ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттауды пайдалана отырып, мемлекеттік және өзге де мерекелерге орайластырылған салтанатты іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ тақырыптық бейнероликтерді көрсету;
2) жеке құрам үшін мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын, тарихи, киелі орындарға және жауынгерлік даңқ орындарына экскурсиялар, жорықтар ұйымдастыру;
3) ескерткіштер, тастар орнату, мемориалдық тақталарға гүл шоқтары мен гүлдер қою жолымен қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді мәңгі есте сақтау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жатады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Тәрбие жұмысының тиімді әдістері – сендіру, үлгі, жаттығу, көтермелеу, мәжбүрлеу, бәсекелестік, сын және өзін-өзі сынау, насихаттау, үгіт, пікірталас, ақпараттандыру болып табылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. АҚО қызметкерлерінің бойында тұрақты білім, көзқарастар мен түсініктерді қалыптастыру, құқықтық мәдениетті, белсенді мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін дамыту мақсатында дене тәрбиесі, экономикалық тәрбие, эстетикалық тәрбие, экологиялық тәрбие жүргізіледі.
Дене тәрбиесі жеке құрамның дене шынықтыру мәдениетін жетілдіруге, олардың бос уақытын белсенді ұйымдастыруға, денсаулықтарын нығайтуға және шынықтыруға, моральдық-ерік, жауынгерлік және психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
АҚО қызметкерлерін экономикалық тәрбиелеудің негізгі бағыттары болып мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарауды қалыптастыру мен материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік құралдарды ұтымды пайдалану табылады.
Эстетикалық көзқарас киім нысанына және сыртқы келбетіне қалыптасады.
Экологиялық тәрбие АҚО қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезінде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік саласында практикалық білімдерін, қабілеттері мен құндылық дағдыларын қалыптастырады.
13-1. Әлеуметтік-құқықтық жұмысты АҚО басшылары, олардың бірінші орынбасарлары, кадр және тәрбие жұмысты ұйымдастыруға жауапты бөлімшелердің қызметкерлері қамтамасыз етеді.
Ескерту. 2-тарау 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.13-2. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс құралдарына тәртіпті нығайту мәселелері бойынша әдістемелік құралдар (брошюралар, буклеттер, жадынамалар) жатады, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, құқықтық білім бұрыштары, әлеуметтік-құқықтық тақырыптағы деректі фильмдер мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы айдарлар, көрнекі және техникалық ақпарат құралдары.
Ескерту. 2-тарау 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-3. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі іс-шараларды іске асыру ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды, қызметтік тәртіптің жоғары деңгейін және АҚО-дағы заңдылықты сақтау мүддесінде қызметкерлердің санасына тәрбиелік ықпал етудің нысандары мен әдістерінің бірлігі мен келісімділігін көздейтін кешенді жүйелі тәсілді болжайды.
Ескерту. 2-тарау 13-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-4. АҚО-дағы әлеуметтік-құқықтық жұмыстың негізгі міндеттері:
1) қызметкерлерді әлеуметтік-құқықтық ағарту;
2) қызметкерлерді мемлекеттік саясат мәселелеріне бағдарлау;
3) АҚО қызметін регламенттейтін заңнамалық және нормативтік актілердегі өзгерістер, азаматтық қорғау жүйесінде болып жатқан реформалар мен оқиғалар туралы хабардар ету;
4) ұжымдарда әлеуметтік-психологиялық процестерді зерделеу және болжау;
5) басшыларды қызметтік қызметің құқықтық негіздеріне оқыту;
6) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын нығайту;
7) жеке құрамды қызметтік міндеттерін адал атқаруға ынталандыру және мотивация мақсатында қызметте ерекшеленген қызметкерлерді ажырасуларда, нұсқамаларда, кеңестерде, салтанатты іс-шараларда жария түрде көтермелеу;
8) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік проблемаларын тиімді шешу мақсатында мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және қайырымдылық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Ескерту. 2-тарау 13-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-5. АҚО-дағы әлеуметтік-құқықтық жұмыстың негізгі нысандары:
1) әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша жеке құрамға жеке және ұжымдық кеңес беру;
2) әлеуметтік-құқықтық тақырып бойынша қызметкерлердің барлық санаттарымен сабақтар (дәрістер, ақпараттандыру, семинарлар, әңгімелер) өткізу;
3) әлеуметтік сауалнамалар (сауалнама);
4) қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмыс.
Ескерту. 2-тарау 13-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-6. Қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмыс тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау, отбасылық құндылықтарды нығайту және олардың отбасыларындағы моральдық-психологиялық ахуалды сауықтыру бойынша шаралар кешенін қабылдау арқылы қызметкерлердің жоғары жауынгерлік рухын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.
Ескерту. 2-тарау 13-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-7. Қызметкерлердің отбасыларымен жұмыс істеудегі негізгі міндеттер:
1) отбасылардағы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар мен моральдық-психологиялық жағдайды зерделеу, қызметкерлердің моральдық-психологиялық жай-күйіне және қызмет өткеру сапасына теріс әсер ететін факторларды анықтау;
2) қызметкерлердің отбасыларына консультативтік, психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де қажетті көмек көрсету;
3) туындайтын проблемалық мәселелерді шешуде уақтылы шаралар қабылдау үшін АҚО басшылығына ұсыныстар әзірлеу және енгізу.
Ескерту. 2-тарау 13-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-8. Басшылар қызметінің қызметкерлердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыруда негізгі бағыттары:
1) бастықтарға, кадр, тәрбие және тәрбие жұмысы бөлімшелеріне қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің моральдық-іскерлік және рухани-адамгершілік қасиеттерін, отбасылық мәдениеті мен мінез-құлық этикасын жоғары қалыптастыруда көмек көрсету;
2) АҚО-дағы қызметтің имиджі мен беделін арттыру, қызметкерлердің отбасы мүшелеріне Отан қорғаушы мамандығына деген мақтаныш пен құрмет сезімін ояту;
3) қызметтік ұжымдарда салауатты моральдық-психологиялық атмосфера құру үшін қызметкерлердің отбасыларын психологиялық қолдау және біріктіру;
4) зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің саясатын, этносаралық және конфессияаралық келісім негіздерін, деструктивті және радикалды идеологияның мәнін түсіндіру мақсатында қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін діни ағарту;
5) көп балалы және жас отбасыларға, қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына әлеуметтік, отбасылық-тұрмыстық мәселелерді шешуде көмек көрсету;
6) қызметкерлердің отбасыларының бос уақытын ұйымдастыру, позитивті әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, халық шығармашылығына және көркемөнерпаздыққа қатысу;
7) жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелермен оқыту, қызметкерлердің балаларына орын беру, олардың сауықтыру демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
8) қойылған міндеттерді шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және қайырымдылық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Ескерту. 2-тарау 13-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.13-9. Қызметкерлердің отбасыларымен жұмыс істеудің негізгі принциптері:
1) жеке және сараланған тәсілдер;
2) жеке сипаттағы мәліметтердің құпиялылығын сақтау;
3) қызметкерлердің отбасы мүшелерімен өзара сыйластық, келісім және достық негізінде тұрақты және сенімді қарым-қатынас орнату;
4) әлеуметтік әріптестік, гендерлік теңдік, сындарлы өзара іс-қимыл және озық жұмыс тәжірибесімен алмасу қағидаттарын дамыту.
Ескерту. 2-тарау 13-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-10. Қызметкерлердің отбасыларымен жұмыс істеудің негізгі нысандары:
1) психологиялық-әлеуметтанулық жұмыс жүргізу арқылы қызметкерлердің отбасыларындағы моральдық-психологиялық ахуалды отбасы мүшелерімен зерделеу және түсіндіру (тәрбие, профилактикалық және құқықтық сипаттағы әңгімелесулер мен дәрістер, жеке әңгімелесулер, социологиялық сауалнамалар, анонимді сауалнамалар, тренингтер, консультациялар және бейресми қарым-қатынас нысандары);
2) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды, моральдық-психологиялық ахуалды, отбасылық қатынастар саласындағы проблемалардың болуын зерделеу мақсатында қызметкерлердің отбасыларына бару;
3) қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмыс мәселелері бойынша лауазымды адамдармен оқу-әдістемелік жиындар (өңірлерге барып) өткізу;
4) сұрақтар мен жауаптар кештері, АҚО басшылығының қатысуымен жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, банк секторының өкілдерін шақыра отырып, қызметкерлердің отбасы мүшелерімен кездесулер;
5) отбасылық құндылықтарды, рухани-адамгершілікті және патриоттықты нығайту бойынша әртүрлі идеялық және гуманитарлық бағыттағы тақырыптық кештер;
6) қызметкерлердің отбасы мүшелері үшін "Ашық есік күні", "Батылдық сабақтарын", дөңгелек үстелдер, пікірталастар, кездесулер, көркемөнерпаздар конкурстарын, портреттер кештерін, демалыс кештерін, жастар және офицерлер балдарын, экскурсиялар, қайырымдылық және естелік акцияларын, спорттық жарыстар, театрландырылған қойылымдар мен концерттер, балалар ертеңгіліктерін өткізу.
Ескерту. 2-тарау 13-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-11. Мәдени-демалыс жұмысы АҚО-дағы тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыстың бір бөлігі болып табылады және оның басқа бағыттарымен тығыз өзара іс-қимылда жүргізіледі, олардың ішіндегі ең маңыздысы идеологиялық, патриоттық, адамгершілік және эстетикалық тәрбие болып табылады.
Ескерту. 2-тарау 13-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-12. АҚО-дағы мәдени-демалыс жұмыстарында әртүрлі формалар, әдістер, күштер мен құралдар бар, оларды шебер пайдалану – қызметкерлердің жоғары эстетикалық, моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, олардың рухани-эмоционалдық қалпын сақтауға, қызметтік міндеттерді сәтті шешуге жұмылдыруға ықпал етеді.
Ескерту. 2-тарау 13-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-13. АҚО-да мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастырудың нысандары мен әдістерінің жүйесі мыналарды қамтиды:
1) жеке құрамға теле, радио, кино, аудио және бейне қызмет көрсету;
2) жеке құрамды әдебиеттермен және мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету;
3) кәсіби және көркемөнерпаз ұжымдарының, мәдениет, спорт қайраткерлерінің, үгіт, көркемөнер және шығармашылық ұжымдардың сөз сөйлеуін ұйымдастыру;
4) жеке құрамның демалуына және моральдық рухын көтеруге ықпал ететін мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу;
5) туған өлкенің тарихи және киелі жерлеріне экскурсиялар;
6) АҚО музейлері үшін материалдар жинау, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру.
Ескерту. 2-тарау 13-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-14. Мәдени-демалыс жұмыстарының негізгі құралдарына мыналар жатады:
1) мәдениет үйлері;
2) мәдени орталықтар;
3) жылжымалы ақпараттық кешендер;
4) музейлер;
5) жауынгерлік даңқ бөлмелері мен бұрыштары.
Ескерту. 2-тарау 13-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-15. Мәдени-демалыс жұмысы тәрбие процесін жоспарлау жөніндегі құжаттарда жеке бөліммен көрсетіледі.
Ескерту. 2-тарау 13-15-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-16. Қызметкерлердің патриоттық, адамгершілік және эстетикалық тәрбиесіне ықпал ететін мәдени-демалыс жұмысының тиімді элементтерінің бірі визуалды көрнекі үгіт болып табылады.
Ескерту. 2-тарау 13-16-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-17. Тікелей басшылар жүргізетін ЖТЖ – жеке құраммен тәрбие жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, және ұжымдарда салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға, тәртіп пен заңдылықтың бұзылуын алдын-алуға, қызметкерлерде жоғары моральдық-адамгершілік және мәдени қасиеттерді тәрбиелеуге, олардың кәсібилігін және қызметтік міндеттерін орындауға жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
Ескерту. 2-тарау 13-17-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-18. ЖТЖ дегеніміз қызметтік міндеттерді орындау кезінде ерекше маңызы бар оның жеке қасиеттерін, қабілеттерін, ерекшеліктерін, мүдделерін, қажеттіліктерін, мінезін, әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын жан-жақты зерттеу мақсатында көзделген нақты қызметкерге тәрбиелік ықпал етудің мақсатты шаралары.
Ескерту. 2-тарау 13-18-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-19. Жеке жұмыс принциптерін қолдана отырып, басшы өз қарамағындағыларға мамандықтың, корпоративті мәдениеттің ерекшеліктерін, практикада қызметтік міндеттерді шешу түрлері мен әдістерін жылдам және тиімді жеткізеді, қызметкердің қызметі мен мінез-құлқын түзетеді, оның қателіктерін көрсетеді, оларды түзетеді.
Ескерту. 2-тарау 13-19-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-20. ЖТЖ-ның негізгі мақсаттары:
1) қажетті кәсіби білімді, білікті және дағдыларды игеру;
2) қызметтік міндеттерді орындауға адал көзқарасты дамыту;
3) қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау;
4) патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу.
Ескерту. 2-тарау 13-20-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-21. ЖТЖ-ның міндеттері:
ЖТЖ-ны жүргізуді талап ететін қызметкерлерді есепке алу;
ЖТЖ-ның жағдайын талдау және бақылауды жүзеге асыру;
ЖТЖ-ның оң тәжірибесін жалпылау және тарату.
Ескерту. 2-тарау 13-21-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-22. ЖТЖ бір жылға дейінгі мерзімде келесі адамдармен жүргізіледі:
1) АҚО-ға қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлер;
2) ведомстволық оқу орындарының түлектері;
3) қызметтік тәртіпті бұзуға бейім қызметкерлер;
4) отбасылық-тұрмыстық жағдайы қолайсыз қызметкерлер.
Ескерту. 2-тарау 13-22-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-23. Негізделген қажеттілік туындаған кезде басшылар кез-келген қызметкермен ЖТЖ жүргізеді.
Ескерту. 2-тарау 13-23-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-24. Басқарушы құраммен қатар ЖТЖ жүргізуге психологтар, тәлімгерлер, ІІО ардагерлері және құрылымдар тартылады.
Ескерту. 2-тарау 13-24-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-25. ЖТЖ педагогика мен психологияның ұсынымдарын қолдану негізінде қызметкердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ол орындайтын қызметтік міндеттермен тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тарау 13-25-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-26. Қызметкердің жеке басын зерттеу ЖТЖ жүргізуге, тәрбиелік әсердің тиімді формалары мен әдістерін таңдауға негіз болады.
Ескерту. 2-тарау 13-26-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-27. Белгілі бір қызметкердің жеке басын зерттеу үшін танымдық әңгіме, бақылау, сипаттамаларды зерттеу сияқты әдістер қолданылады.
Ескерту. 2-тарау 13-27-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-28. Танымдық әңгіме жүргізу кезінде:
әңгіменің мақсатын, оның міндеттерін алдын-ала анықтау;
қарамағындағыларды сипаттайтын қолда бар құжаттарды, ол туралы тікелей бастықтардың пікірлерін зерделеу;
сенімді әңгімеге ықпал ететін орын мен уақытты таңдау;
әңгімелесу барысында жайбарақаттық, ізгі ниет ортасын құру қажет, әңгімелесуді жауап алуға айналдырмау керек;
әңгіме шығармашылық сипатта болады, жетекшінің өзі баяндайды;
әңгімелесу барысында әдептілікті сақтау, сұхбаттасушының пікірін, реакциясын ескеру, оны жүргізу кезінде жазбалар жасамау қажет;
әңгімелесу барысында алынған деректерді талдау, қолда бар мәліметтермен салыстыру қажет, бұл қорытындылардың объективтілігін арттырады;
танымдық әңгіме бағыныштылар туралы ақпарат көзі ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік сипатта болады.
Ескерту. 2-тарау 13-28-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-29. Бақылау – қызметкерді қызметтік міндеттерді орындау кезінде, жеке уақытында, азаматтармен, әріптестермен қарым-қатынас кезінде әртүрлі жағдайларда зерделеуге мүмкіндік береді.
Ескерту. 2-тарау 13-29-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-30. Бақылау ұзақ немесе қысқа мерзімді болады. Ұзақ мерзімді (үздіксіз) бақылау қызметкердің негізгі жеке ерекшеліктерін, жалпы алғанда оның жеке қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді (таңдамалы) бақылау қызметкердің жеке қасиеттерін зерттеуге көмектеседі.
Ескерту. 2-тарау 13-30-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-31. Бақылаудың тиімділігі келесі шарттардың сақталуына байланысты:
бақылау міндеттерін дәл анықтау;
оның барысында қызметкер өзін айқын көрсететін зерттеуге жататын жағдайларды таңдау;
бақылаудың жүйелілігі;
бақылау нәтижелерін бекіту және оларды талдау;
бақылау нәтижесінде алынған деректерді қызметкер туралы басқа мәліметтермен салыстыру.
Ескерту. 2-тарау 13-31-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-32. Басшылардың, әріптестердің пікірлерін жинақтау әдістері қызметкердің жеке басын неғұрлым толық және жан-жақты зерделеу үшін қолданылады. Бұл ретте бұрынғы қызмет (жұмыс) орнынан аттестаттациялардағы, мінездемелердегі деректер ескеріледі. Жалпылау әдісімен алынған нәтижелерді алдыңғы әдістермен алынған мәліметтермен салыстыру қажет.
Ескерту. 2-тарау 13-32-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-33. ЖТЖ-да келесі формалар қолданылады:
1) жеке іс материалдарын, басқа да сипаттайтын құжаттарды зерделеу – қызметкер туралы бастапқы ақпаратты алу және ЖТЖ журналын толтыру мақсатында жүргізіледі;
2) қызметкердің қызметі мен мінез-құлқын психологиялық-педагогикалық бақылау – бір уақытта қызметкердің мотивтерін, сезімдері мен ниеттерін анықтай отырып, тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері туралы фактілерді жинақтау және жалпылау мақсатында пайдаланылады;
3) жеке әңгімелесу – қызметкердің бойында белгілі бір жағымды қасиеттерді дамытуға немесе өндіруге бағытталған сенімді, серіктестік сипаттағы қарым-қатынасты көздейтін ең көп таралған түрі, оның барысында қызметкерге АҚО қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізгі талаптары, қызметтік тәртіп пен заңдылықты, мінез-құлықтың әдептілік нормаларын сақтау, кәсіби және мәдени деңгейін арттыру қажеттілігі түсіндіріледі. Жеке әңгіменің нәтижелері оның қысқаша мазмұнымен ЖТЖ журналына енгізіледі, олармен қызметкер қол қойып танысады.
4) жеке көмек – қызметтік іс-әрекеттің, жеке өмірдің түрлі мәселелерін шешу, нормативтік құқықтық актілер мен лауазымдық міндеттерді зерделеу, кәсіби шеберлік дағдыларын меңгеру кезінде қолданылады. Жеке көмек түсініктемелер, кеңестер, қосымша сабақтар өткізу, жекелеген тапсырмаларды бірлесіп орындау түрінде көрсетіледі;
5) жеке тапсырмалар – басшы көрсеткен сенім үшін жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында қызметтік және қоғамдық тапсырмаларды қоюды қамтиды;
6) жеке бақылау – қызметкердің қызмет атқаруын, тапсырмаларды орындауын, материалдарды дайындау сапасын тексеру, кәсіби құзыреттілігін, бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерін айқындауын басшының жеке тексеруі түрінде жүргізіледі;
7) қызметкерлердің есептері мен хабарламаларын тыңдау – бөлімшенің (қызметтің) жеке құрамының кеңестерінде жүргізіледі;
8) тұрғылықты жері бойынша қызметкерлерге бару – оның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын, отбасындағы моральдық-психологиялық ахуалды, қарым-қатынас шеңберін, бос уақытын, олардың тәртіп жағдайына, қызметке қатынасына әсерін зерделеу кезінде қолданылады;
9) моральдық, материалдық ынталандыру және тәртіптік ықпал ету әдістері – қызметкердің қызметтік іс-әрекетін бағалау, тәртіп пен заңдылықты сақтау, мінез-құлықтың кәсіби және жалпыадамзаттық нормаларын бағалау ретінде қолданылады.
Ескерту. 2-тарау 13-33-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-34. Басшылар ЖТЖ-ны жартыжылдықта бір рет ЖТЖ журналдарының арнайы бөлімдерінде нәтижелерін көрсете отырып жоспарлайды.
Ескерту. 2-тарау 13-34-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.13-35. ЖТЖ жоспарларында мынадай іс-шаралар көрсетіледі:
1) оларға тәрбиелік ықпал ету нысандары мен әдістерін айқындау мақсатында бағыныштылардың жеке ерекшеліктерін зерделеу;
2) қарамағындағылардың кәсіптік шеберлігін, білім беру және мәдени деңгейін, олардың әлеуметтік-құқықтық және дене шынықтыру даярлығын арттыру;
3) тәртіпті нығайту, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, жағымсыз қарым-қатынас ортасынан қорғау;
4) мамандармен (психологтармен, педагогтермен, заңгерлермен) консультациялар;
5) функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті негізгі құқықтар мен міндеттерді, нормативтік құқықтық актілерді және қызметтік құжаттарды зерделеуге көмек көрсету;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын, әдеп кодексінің нормаларының жеткізу;
7) қарамағындағылардың бос уақытын ұйымдастыру, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тарту;
8) жеке тапсырмалар.
Ескерту. 2-тарау 13-35-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-36. ЖТЖ жоспарын жасау алдында ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды, тәртіп пен заңдылықтың жай-күйін, этикалық нормалардың сақталуын, өткен кезеңдегі қызмет пен тәрбие жұмысының нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізіледі.
Ескерту. 2-тарау 13-36-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-37. ЖТЖ нәтижелері осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖТЖ журналында көрсетіледі, оны әрбір басшы лауазымда болған бүкіл кезең ішінде жеке өзі жүргізеді.
Ескерту. 2-тарау 13-37-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-38. ЖТЖ жүргізуді, оның ішінде азаматтық қорғау органын (бөлімшесін) инспекциялау кезінде бағалаудың объективтілігі үшін, ЖТЖ аяқталғаннан кейін журнал осы бөліністе сақталады.
Ескерту. 2-тарау 13-38-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-39. Кадр және тәрбие жұмысы бөлімшелері жеке құраммен ЖТЖ жағдайын үнемі талдайды, құрылымдық бөліністер басшыларын осы жұмыстың теориясы мен практикасына үйретеді, озық тәжірибені жинақтайды және таратады, ЖТЖ ұйымдастыру жөніндегі талаптарын әр бастықтың сапалы орындауына қол жеткізеді.
Ескерту. 2-тарау 13-39-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-40. Басшыларды ЖТЖ ұйымдастыру әдістеріне оқыту біліктілікті арттыру курстарында, оқу-әдістемелік жиындарда, сондай-ақ кәсіптік даярлау жүйесінде жүргізіледі. Дәрістермен қатар бағдарламаға тәжірибелік сабақтар, іскерлік ойындар, тәжірибе алмасу бойынша семинарлар енгізіледі.
Ескерту. 2-тарау 13-40-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-41. Аумақтық органдарда, мемлекеттік мекемелерде, білім беру ұйымында және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың құралдары ретінде құрылымдар құрылады.
Ескерту. 2-тарау 13-41-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-42. АҚО-да құрылымдарға келесілер жатады:
1) офицерлер жиналысы;
2) қатардағы және кіші басшы құрам жиналысы;
3) әйелдер кеңесі.
Ескерту. 2-тарау 13-42-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-43. Құрылымдардың қызметі келесі қағидалармен жүзеге асырылады:
1) заңдылық;
2) жариялық мен ашықтық;
3) этика нормаларын сақтай отырып, демократия және әртүрлі пікірлер;
4) ізгі ниет;
5) қатардағы және басшы құрамдағы адамдар арасындағы қатынастардағы өзара сыйластық.
Ескерту. 2-тарау 13-43-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-44. Құрылымдар келесі функцияларды орындайды:
1) АҚО-да құқықтық тәртіп пен мәдениетті нығайту бойынша басшыларға көмек көрсету;
2) қызметкерлер арасында тәрбие жұмысын жүргізуге қатысу;
3) құрылымдар мүшелерімен жеке жұмыс жүргізу, қызметтік қызметтің және тұрмыстық қатынастардың түрлі мәселелері бойынша қызметкерлерді тыңдау;
4) АҚО бөлімшелерінің қызметтік қызметінде практикалық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету, құқық қолдану практикасының неғұрлым өзекті мәселелері бойынша дәрістер, әңгімелер, сабақтар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
5) қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
6) АҚО басшылығына қызметкерлерге көтермелеу шараларын қолдану туралы өтінішхат енгізу;
7) өз бастамасы бойынша қызметкерлер арасындағы жанжалды жағдайларды, қызметтік жағдайды теріс пайдалану, қызметтік міндеттерге немқұрайлы қарау, тәртіпті бұзу, қызметте және тұрмыста, қоғамдық орындарда лайықсыз мінез-құлық және т. б. фактілерді қарау;
8) АҚО қызметін регламенттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және басшылыққа енгізу;
9) АҚО басшылығына өмірлік қиын жағдайларға тап болған қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне (аурулары, қызметтік борышын атқару кезінде мертігу, жарақат алу) материалдық көмек көрсетуге қызметкерлерді жұмылдыруға өтініштер жолдауда жәрдем көрсету;
10) қызметкерлерді құрметтеу, жаңа қызмет орнына (жоғары тұрған лауазымға тағайындалған жағдайда), сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін демалысқа салтанатты түрде шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
11) жиналыстарда құрылымдардың атына келіп түсетін хаттарды, өтініштерді, ұсыныстарды қарау, қызметкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыру;
12) құрылымдар жиналыстарының шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Ескерту. 2-тарау 13-44-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-45. Құрылымдар төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Құрылымдар мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы тиіс.
Ескерту. 2-тарау 13-45-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-46. Бастықтың бірінші орынбасары құрылымның төрағасы болып табылады.
Әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары тікелей әйелдер кеңесінің отырысында оның құрамынан дауыс беру арқылы сайланады.
Ескерту. 2-тарау 13-46-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.13-47. Құрылымның мүшелерінің қатарына кемінде үш жыл қызметте болған, жоғары моральдық және кәсіби қасиеттерге ие, оң жағынан сипатталатын қызметкер, сондай-ақ қызметкерлердің отбасы мүшелері, АҚО зейнеткерлері және ардагерлер қосылады.
Ескерту. 2-тарау 13-47-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-48. Құрылымдар оның мүшелері болып табылатынына қарамастан, қызметкерлерді, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мүдделі ұйымдардың өкілдерін, сарапшыларды, мамандарды, ғалымдарды, мүдделі тұлғаларды отырысқа шақырады, сондай-ақ олар қарастырылып отырған мәселелерді талқылауға қатысады және өз ұсыныстарын енгізеді.
Ескерту. 2-тарау 13-48-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-49. Құрылымдардың жиналыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі (кезектен тыс жиналыстар өткізілуі мүмкін) және егер оларға мүшелердің жартысынан көбі қатысса, заңды болып саналады.
Ескерту. 2-тарау 13-49-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-50. Құрылымдардың шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған хатшы мен төрағалық етуші қол қояды.
Құрылымдар келесі шешімдерді (ықпал ету шаралары) қабылдайды:
1) айыптау немесе сын;
2) ескерту;
3) басшылыққа тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану туралы өтінішхат білдіру;
4) отырыс алдында қандай да бір теріс қылық жасаған қызметкердің жария түрде кешірім жасауы;
5) қызметкерге сенімсіздік білдіру;
6) отбасы мүшелерімен және көршілерімен міндетті түрде әңгімелесу жүргізе отырып, тұрғылықты жері бойынша бару (отбасы-тұрмыстық салада теріс қылықтар жасалған жағдайларда).
Ескерту. 2-тарау 13-50-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-51. Құрылымдардың мүшелері отырыстарға жеке қатысады.
Ескерту. 2-тарау 13-51-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-52. Құрылымдардың шешімдері жиналысқа қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік даусымен ашық немесе көпшіліктің талабы бойынша жабық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға қатысып отырған мүшелердің жартысынан астамы дауыс берсе, заңды деп есептеледі.
Ескерту. 2-тарау 13-52-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-53. Дауыстар тең болған кезде шешуші дауыс беру құқығына төраға, ал ол болмаған жағдайда – отырыста төрағалық ететін төрағаның орынбасары ие болады.
Ескерту. 2-тарау 13-53-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-54. Құрылым төрағасының шешімі бойынша жиналыста талқыланатын мәселелер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықтың назарына жеткізілуіне жол беріледі.
Ескерту. 2-тарау 13-54-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Азаматтық қорғау органдарында жеке құраммен психологиялық жұмысты ұйымдастыру
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Азаматтық қорғау органдарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру негіздері
14. Психологиялық жұмысты психологтар АҚО жеке құрамын сүйемелдеу мен психологиялық ағартуды ұйымдастыру шеңберінде жүргізеді.
15. Психологтың қызметі заңдылық, гуманизм, адам құқықтарын сақтау, оның жеке басын құрметтеу, кәсібилік және өз жұмысының нәтижелері үшін Заңның 19-бабымен қарастырылған жауапкершілік, сондай-ақ психологтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдауда кәсіби тәуелсіздік пен ақылға қонымды тәуелсіздік қағидаттарына негізделген.
16. Жеке құраммен психологиялық жұмыс:
1) жеке құрамның жеке-психологиялық ерекшеліктерін зерделеу және психологиялық көмекті ұйымдастыру;
2) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін зерттеу ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсарту бойынша барлық деңгейдегі АҚО бөлімшелерінің басшыларына ұсынымдар қалыптастыру;
3) психологиялық тұрақтылықты және жеке құрамның төтенше жағдайларда міндеттерді орындауға дайындығын қалыптастыру.
17. Психологиялық жұмыс үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:
1) психодиагностикалық жұмыс (психологиялық мониторинг және аттестаттау бойынша іс-шараларына қатысу);
2) психологиялық ағарту (жеке құрам үшін дәріс сабақтарын, семинарлар, дөңгелек үстелдер, практикалық сабақтар өткізу);
3) психокоррекциялық жұмыс (психологиялық түзету, кеңес беру, тренингтік сабақтар).
18. АҚО психологиялық жұмыстың негізгі міндеттері:
1) қызметкерлердің жеке ерекшеліктерін зерделеу;
2) қызмет бабында ауыстыру және аттестаттау кезінде қызметкерлердің моральдық-іскерлік және жеке қасиеттерін зерделеу;
3) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне зерттеу жүргізу және оны жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
4) жеке құрам арасында жанжалды жағдайлардың психологиялық профилактикасын жүзеге асыру;
5) жеке құрамды психологиялық ағарту;
6) жеке құрамды қызметтік міндеттерді орындауға психологиялық даярлау;
7) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгеннен және ТЖ жойылғаннан кейін қажет болған жағдайда жеке құрамға психологиялық көмек көрсету;
8) девиантты мінез-құлықтың әртүрлі нысандарына бейім, жүйке-психикалық тұрақсыздығы төмен белгілері бар адамдарды кейіннен оларды "байқау тобына" енгізе отырып, осы санатпен психологиялық жұмысты одан әрі ұйымдастыра отырып анықтау;
9) суицидтік әрекеттерінің психологиялық профилактикасы;
10) жеке құрамға психологиялық көмек көрсету және консультация беру.
2-параграф. Жеке құрамның жеке ерекшеліктерінің (жеке қасиеттерінің) психикалық диагностикасы
19. Психологиялық диагностиканы жеке (бір қызметкермен) және топтық (екі және одан да көп қызметкермен) психологиялық іс-шаралар нысанында жүргізеді.
20. Тәулік бойы немесе түнгі кезекшіліктен шыққан қызметкерлермен психологиялық диагностика өткізілмейді.
21. Жеке құрамның жеке ерекшеліктерін зерттеу кезінде келесі әдістер қолданылады: құжаттар мен өмірбаяндық деректерді талдау, жеке әңгіме, сауалнама, психологиялық тестілеу, бақылау және сауалнама қолданылады.
22. Психологиялық диагностиканың іс-шаралары:
1) аумақтық органдар, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымының жеке құрамымен – жылына бір рет;
2) азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен – жылына екі рет;
3) аттестаттау кезінде;
4) "бақылау тобындағы" жеке құраммен әрбір 6 ай сайын жүргізіледі.
23. Психологиялық диагностика (тексеру) үш кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезең – психологиялық әдістемелерді пайдалана отырып, тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы формальды (стандартталған) деректер алу мақсатында психологиялық зерттеп-тексеру. Тест бланкілерін өңдеумен және әрбір зерттеліп-тексерілетін адам бойынша бастапқы материалдар пакетін қалыптастырумен аяқталады;
2) екінші кезең – психологиялық тесттерде төменгі шекті мән алған қызметкерлерге қатысты өткізіледі. Бұл жағдайда психолог нақтыланған және өрістетілген психологиялық сипаттамаларды алу мақсатында жеке психологиялық зерттеп-тексеру мен әңгімелесу жүргізеді;
3) үшінші кезең – қосымша әдістемелер қолданыла отырып, бейімделудің бұзылу белгілері кезде жүргізіледі.
24. Тестілеу нәтижелері жалған болған жағдайда, қайта тестілеу бірінші өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
25. Тест бланкілері, тестілеу нәтижесін бейнелейтін профильдік графиктер, диаграммалар және зерттеліп-тексерілетін адамның бастапқы материалдары үш жыл сақталады.
26. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес психологиялық қорытындыны психолог психологиялық диагностика жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде шығарады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкердің жеке карточкасына тігіледі.
27. Психологиялық қорытындыда:
1) анықталған жеке психологиялық ерекшеліктер (психологиялық портрет);
2) қызметкерлерге арналған жеке ұсыныстар;
3) жеке психологиялық ерекшеліктер бойынша ұсыныстар (іс-шаралар) туралы ақпараттар бар.
28. "Бақылау тобына" енгізілген немесе оған жататын қызметкерлердің жеке психологиялық ерекшеліктері бойынша ұсыныстар бөлімшенің тікелей басшысына жеке тәрбие жұмысын жүргізу және оны қызметтік жұмыс барысында сүйемелдеу бойынша беріледі.
29. Психологиялық диагностиканың нәтижелері бойынша терең психологиялық зерттеуге жататын адамдар анықталады. Суицид қауіп-қатерінің жоғары деңгейі бар, жүйке-психикалық тұрақсыздық, бейімделудің бұзылуы және депрессия белгілері бар, жағымсыз өмірлік уақиғаларды, отбасылық тұрмыстық және қаржылық қиындықтарды, психофизиологиялық, жеке және басқа да проблемаларды бастан кешіретін қызметкерлерді психолог "бақылау тобына" есепке алып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау тобы журналына енгізеді.
30. Қызметкер бөлімшенің бірінші басшысының атына психологтың қызметтік жазбасының негізінде "байқау тобына" енгізіледі (алып тасталады), ол "ҚБПҮ" литерімен ресімделеді және психологтың сейфінде сақталады. "Бақылау тобына" алынған қызметкерлердің есепке алуы жасырын болып табылады және жария етілмейді.
31. Қызметкерді басқа бөлімшеге ауыстырған кезде жеке карточка фельдъегерлік қызмет орын ауыстырған жерге жіберіледі және психологтың қолына жеке белгісі бар "ҚБПҮ" литерімен ресімделеді.
32. Психолог жүргізген диагностикалық және профилактикалық әңгімелесулер осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жеке жұмыс нысандары (консультациялар) журналында есепке алынады.
3-параграф. Азаматтық қорғау органдары бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу
33. Бөлімшелердегі топтық процестерді зерделеуді психологтар бөлімше басшыларымен және олардың орынбасарларымен бірлесіп күнделікті қызмет процесінде ұйымдастырады және жүргізеді.
34. АҚО бөлімшелерінде моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізу "Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
4-параграф. Кез-келген қысылтаяң жағдайда мақсаты бойынша міндеттерді орындауға жеке құрамға психологиялық көмек көрсету
35. Психологиялық көмек мыналарды қамтиды:
1) психологиялық кеңес беру – бұл психологтың психикалық сау адамдарға өмірлік қиындықтарды, стресстерді және тұлғааралық қақтығыстарды жеңуге кәсіби көмегі. Әңгімелесу арқылы психолог қызметкерге проблемаларды түсінуге, ішкі ресурстарды табуға және жүріс-тұрыс үлгілерін өзгертуге көмектеседі;
2) психокоррекциялық жұмыс – бұл арнайы психологиялық әдістерді қолдана отырып, сау адамдардағы психикалық дамудың, жүріс-тұрыстың немесе эмоционалды жағдайдың ерекшеліктерін түзету немесе өтеу бойынша мақсатты жұмыс. Ол бейімсізденудің себептерін жоюға, жеке тұлғаны дамытуға және өзекті мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталған;
3) тренингтік жұмыс – экстремалды ортаның әртүрлі жағдайларында тұлғаның үйлесімді және тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған қызмет;
4) психологиялық дебрифинг – топтық психикалық жарақатпен жұмыс істеу әдісі. Бұл апатты немесе қайғылы оқиғаны қатар басынан өткерген адамдармен топтарда ерекше ұйымдастырылған және нақты құрылымдалған жұмыс.
36. Психологтар психокоррекциялық және тренингтік жұмыс бойынша бағдарлама жасайды. Сабақтар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстардың (тренингтер) топтық нысандарының журналына енгізіледі.
37. Психологиялық дебрифинг қызметкерлермен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілгеннен және ТЖ жойылғаннан кейін жүргізіледі.
38. Психологиялық көмекті психологтардың жеке құрамды қабылдау кезінде көрсетеді. Қабылдау психологиялық жеңілдеу бөлмесінің жұмыс графигіне сәйкес жүзеге асырылады, оны басшы бекітеді және бөлімшенің жеке құрамына жеткізеді.
5-параграф. Жеке құраммен профилактикалық жұмыс
39. Жалпы бағыттағы профилактикалық іс-шараларына:
1) психодиагностикалық іс-шаралар барысында жеке құрам қатарынан суицидтік жүріс-тұрыс қауіп-қатері бар адамдарды анықтау;
2) жас қызметкерлерді бейімдеу процесін оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
3) жеке құрамның қызметтік жұмысында стресстік жағдайларға және жарақаттан кейінгі бұзылуларға психологиялық орнықтылықты қалыптастыруға бағытталған сабақтарды (тренингтерді) ұйымдастыру;
4) ұжымда жанжалды қарым-қатынасы бар, қызметтік-әскери тәртіпті бұзуға бейім қызметкерлермен профилактикалық жұмыс жүргізу;
5) моральдық-психологиялық ахуалды оңтайландыру, қызметтік ұжымдарда достық, серіктестік, өзара көмек, әрбір қызметкердің жеке қадір-қасиетін құрметтеу атмосферасын қолдау;
6) бөлімшелер ұжымдарындағы қақтығыстарды уақтылы алдын алу және оларды шешу;
7) суицидтік оқиғалардың профилактикасы мүддесінде дәстүрлі діни конфессиялардың, қоғамдық бірлестіктердің рухани-адамгершілік әлеуетін пайдалану кіреді.
6-параграф. Суицидтік оқиғалардың профилактикасы бойынша психологиялық жұмыс
40. Суицидтік оқиғалардың профилактикасы АҚО жеке құрамы арасындағы суицидтік оқиғаларды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында психологтардың кадр бөлімшелерімен және өзіндік қауіпсіздік мамандармен бірлесіп жүргізетін ұйымдастырушылық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралар кешенін білдіреді. Психологтар жүргізген жұмыс шеңберінде:
1) психологиялық диагностиканың нәтижелері бойынша суицидтік жүріс-тұрыс қауіп-қатері бар қызметкерлерді анықтау және олармен одан әрі психологиялық жұмыс жүргізу;
2) бөлімше басшыларын әлеуметтік-психологиялық бейімсіздену белгілерін тану тәсілдеріне оқыту;
3) қызметтік міндеттерді орындау кезінде және күнделікті тыныс-тіршілікте қызметкерлердің психологиялық жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;
4) дағдарыс жағдайы, суицидтік жүріс-тұрыс белгілері анықталған қызметкерлерге психологиялық қолдау және көмек көрсету функциялары орындалады.
41. Психологтар бөлімшенің бірінші басшысын, кадр бөлімшелерінің бастықтарына, сондай-ақ өзіндік қауіпсіздік мамандарына "бақылау тобына" енгізе отырып, суицидтік тәуекел белгілері бар қызметкерлер туралы хабар береді.
42. Суицидтік әрекеттерін жасаған (аяқталмаған факт) қызметкерлер кадр бөлімшелерімен одан әрі қызметке жарамдылығын анықтау үшін "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) сәйкес әскери-дәрігерлік комиссияға жіберіледі.
7-параграф. Жеке құрамды психологиялық ағарту
43. Психологиялық ағартуды психологиялық қызмет мамандары кәсіби қызметтік даярлық шеңберінде ұйымдастырады.
44. Психологиялық ақпарат ауызша (дәрістер, баяндамалар, оқиғаларға қатысушылар мен куәгерлердің сөйлеген сөздері), баспа түрінде (жаднамалар, парақшалар), кинофильмдерді қарау және талқылау арқылы жеткізіледі.
45. Психологиялық ағартудың негізгі міндеттері:
1) АҚО-да психологиялық жұмыстың мәні мен мазмұнын түсіндіру;
2) жеке құрамды адамның, топтың, ұжымның психикалық даму заңдылықтарымен таныстыру;
3) адамның психикалық денсаулығы идеяларын, оның мүмкіндіктері мен шектеулерін танымал ету;
4) жеке құрамның психикалық денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар туралы хабар беру;
5) психологиялық білімге деген қызығушылықты және оларды кәсіби қызметте және жеке өмірде конструктивті пайдалануға ұмтылысты дарыту болып табылады.
4 -тарау. Азаматтық қорғау органдарында идеологиялық жұмысты ұйымдастыру
46. Идеологиялық жұмыс АҚО жеке құрамының бойында патриоттық сананы, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, антқа адалдықты, Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен ұлттық мүдделеріне адалдықты, таңдаған кәсібі үшін мақтаныш сезімін, деструктивті идеологияға қарсы тұруды, Заңның 16-бабымен, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабымен қарастырылған міндеттерін мінсіз орындауды қалыптастыруға бағытталған.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.47. Идеологиялық жұмыстың негізгі міндеттері:
1) жеке құрамды мәдени құндылықтар жүйесін, Қазақстан халқының тарихы мен дәстүрлерін, АҚО-ға баулу, болашағы біртұтас ұлт ретінде мейірімділікті, өзара көмек көрсетуді, өзара қолдауды, толеранттылық пен достықта көрініс табатын гуманистік моральдың жалпыадамзаттық нормаларын қалыптастыру;
2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АҚО қызметі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, АҚО қызметкері кәсібінің беделі мен мәртебесін арттыру;
3) АҚО қызметкерлерінің бойында қызметтің адамгершілік негіздерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық туралы ұғымды қалыптастыру және дамыту, қызметте және тұрмыста мінез-құлыққа, қызметтік (еңбек, әскери) ұжымдағы өзара қарым-қатынасқа қойылатын кәсіби-этикалық талаптарды білу;
4) ТЖ алдын алу және жою мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
5) қызметтік борышын орындауға дайын болу және АҚО қызметкерінің ерекше белгілерін көрсету болып табылады.
6) АҚО-да жеке құраммен тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттік саясатты, қорғаныс қабілетін нығайту, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша ел басшылығы қабылдап жатқан шараларды түсіндіру;
7) қызметкерлердің моральдық-психологиялық тұрақтылығын және экстремалды жағдайларда әрекет етуге дайындығын, олардың деструктивті діни ағымдардың идеологиясына төзбеушілігін қалыптастыру.
Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.48. Идеологиялық жұмыс:
1) жеке құрамның идеялық, адамгершілік, қасиеттерін, осы Ережелердің 8 тармағындағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарда қарастырылған міндеттерге қол жеткізу;
2) жеке құрамда қылмыстық әлем идеологиясының, деструктивті идеологияның, сондай-ақ діни және өзге де экстремизмнің сыртқы әсеріне орнықты иммунитетті қалыптастыру;
3) жағымсыз ақпаратты теріске шығару, экстремизм идеологиясының, жөнсіздік пен зорлық-зомбылықтың дұшпандығы мен залалын көрсету болып табылады.
48-1. Деструктивті идеялардың АҚО-ға енуіне жол бермеу саласындағы идеологиялық жұмыс мынадай тәртіппен ұйымдастырылады және жүргізіледі:
1) діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы идеологиялық жұмысты жоспарлау;
2) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін моральдық және материалдық қолдау, АҚО-ның беделін арттыру, Отан қорғаушыларына деген құрмет атмосферасын қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
3) АҚО ұжымдарына діни идеялардың ену әрекеттері фактілері бойынша қызметкерлердің өтініштерін іске асыру бойынша жедел шаралар қабылдау және қабылданған шешімдер туралы жеке құрамды хабардар ету;
4) жеке құрамды теріс ақпараттық әсерден қорғау жөнінде шаралар қабылдау.
Ескерту. Қағидалар 48-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастырудың _____________ жылға арналған жоспары
№ | Іс-шара атауы | Өткізу мерзімі | Жауаптылар | Аяқталу нысаны |
| Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
1-кесте. Азаматтық қорғау органдары жеке құрамының құқықтық дайындығы бойынша есеп
№ |
Азаматтық қорғау органының | Жеке құраммен жүргізілген құқықтық дайындық саны | Іс-шараларды өткізу күні | Құқықтық дайындық тақырыбы | Құқықтық даярлауға қатысқан жеке құрамның саны |
2-кесте. Азаматтық қорғау органдары жеке құрамымен тақырыптық жиналыстар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру бойынша есеп
№ | АҚО бөлімше атауы | Іс-шараның атауы (тақырыптық жиналыстар, дөңгелек үстелдер) | Іс-шараларды өткізу күні | Іс-шара тақырыбы |
Іс-шараға шақырылған ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар (АҚО, соғыс, еңбек адрагерлері, мемлекеттік қоғам қайраткерлерінің) өкілдерінің ТАӘ | Іс-шараға қатысқан жеке құрамның саны |
3-кесте. Азаматтық қорғау органдары жеке құрамымен тәрбие және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру бойынша есептер
№ | АҚО бөлімше атауы | Жеке құраммен қызметтік, әскери тәртіпті сақтау тұрғысынан жүргізілген жеке-тәрбие жұмыстарының және басқаларының саны | АҚО қызметі туралы шығарылған аудио және бейнематериалдар, ақпараттық-анықтамалық материалдар, жаднамалар | Тарихи, киелі орындар мен әскери даңқ орындарына ұйымдастырылған экскурсиялар, жорықтар | ||
Саны | Тақырыптар атауы | Іс-шараға қатысқан жеке құрамның саны | Экскурсия атауы | |||
| Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына 3-1-қосымша |
Ескерту. Қағидалар 3-1-қосымшамен толықтырлды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Нысан |
Жеке-тәрбие жұмысы журналы ______________________________________________ лауазымы, атағы ______________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________________ бөлімше Жеке құрам тізімі __________________________________________________________ (бөлімшенің атауы)
№ | Атағы, лауазымы |
Тегі, аты, әкесінің аты | Туған күні | Ұлты | Білімі | Отбасы жағдайы | Әскердегі қызмет | АҚО-дағы қызмет | Мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Бағынысты қызметкер туралы деректер
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _________________________________
Туған күні
Туған жері___________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұлты________________________________________________________________
Білімі (қашан, қайда оқыды, мамандығы, кәсібі, оқудағы жетістігі)
____________________________________________________________________
Атағы ______________________________________________________________
(қашан берілді, бұйрық)
Лауазымы___________________________________________________________
Қарулы Күштердегі қызметі (қашан, қайда, қандай лауазымда және атақта қызмет етті).
Жауынгерлік операцияларға қатысуы. Наградалары және әскери айбын
белгілері____________________________________________________________
____________________________________________________________________
АҚО қызметіне келу күні ________________________________________________
Қандай марапаттары бар және не үшін __________________________________
Қандай жазалары бар және не үшін _____________________________________
Алғашқы кәсіптік даярлықты өту _______________________________________
____________________________________________________________________
(қашан, қайда)
Қызметкерді психологиялық зерттеу нәтижелері __________________________
____________________________________________________________________
(округтік әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысы бойынша)
АҚО-ға қызметке келгенге дейін қай жерде жұмыс істеді____________________
____________________________________________________________________
Тұратын жері (мекенжайы, үй телефоны, ұялы телефоны)___________________
____________________________________________________________________
Тұрғын үй тұрмыстық жағдайы_________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасы жағдайы_____________________________________________________
____________________________________________________________________
Жақын туыстары (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні,
мекенжайы, жұмыс, оқу орны):
Жұбайы (зайыбы) _____________________________________________________
Балалары ____________________________________________________________
Әкесі ________________________________________________________________
Анасы _______________________________________________________________
Жұмыс және тұрғылықты жері бойынша жақын достары____________________
____________________________________________________________________
Жеке автокөліктің болуы (маркасы, мемлекетік нөмірі) _____________________
____________________________________________________________________
Ипотекалық қарыздың, кредиттің болуы (банк, ұйым)______________________
" Келісілді " |
"Бекітемін" |
Бірінші жартыжылдыққа арналған жеке-тәрбие жұмысы Ж О С П А Р Ы
№ | Атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы | Өткізу күні | ЖТЖ түрі | ЖТЖ себебі, мақсаты | Орындалуы туралы белгі |
" Келісілді " |
"Бекітемін" |
Екінші жартыжылдыққа арналған жеке-тәрбие жұмысы Ж О С П А Р Ы
№ | Атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы | Өткізу күні | ЖТЖ түрі | ЖТЖ себебі, мақсаты | Орындалуы туралы белгі |
" Келісілді " |
"Бекітемін" |
Мінездеме (ЖТЖ өткізген қызметкерге)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Жеке-тәрбие жұмысын есепке алу
№ | Атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы | Өткізу күні | ЖТЖ-ның түрі | ЖТЖ өткізудің себебі, мақсаты (ЖТЖ жоспары, қандай да бір факт немесе теріс іс-әрекет және т.б. бойынша | Қысқа мазмұндама, ЖТЖ-ның нәтижелері | Қорытындысы, ескертулер, қабылданған шаралар |
Жеке әңгімелесу парағы
_______________________________________________
Әңгімелесу сұрақтары:
_________________________________________________
Әңгімелесу бойынша қорытындылар:
___________________________________________________
Әңгімелесуді өткізген:
_________________________________________________
Әңгімелесудің қорытындыларымен танысты:
______________________________________________
ЖТЖ журналын тексерген адамдардың жазуы
№ | Атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы | Ескертулер, ұсыныстар | Тексеру күні | Қолы |
| Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
Психологиялық қорытынды
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тегі:
2. Аты:
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда):
4. Тестілеу кезіндегі жасы:
5. Тестілеу өткізген күні:
6. Жүргізу үшін негіз:
7. Психодиагностикалық зерттеп-тексеру мына әдістерді қолдана отырып жүргізілді:
8. Нәтижелер (портрет):
9. Ұсыныстар:
Психолог Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
20 ____ жылғы "____" _____________
Бұл ақпарат құпия болып табылады, жария етуге жатпайды. Тек қызметтік мақсатта пайдалану.
| Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қызметкердің №– |
|
Тегі _________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________________________________
Туған күні ____________________________________________________________
Қосымша ақпарат (психологиялық сипаттама)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
| Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша |
Психодиагностикалық жұмыстарды есепке алу журналы
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша |
Бақылау тобының журналы
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 19.06.2026 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), бөлімше | Есепке алу күні | Есептен шығару күні | Есепке алу себебі | Психикалық әдістермен түзету жұмыс түрі | Ескертпе |
| Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына 8-қосымша |
Жеке жұмыс нысандары журналы (консультация)
№ | Күні | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы/ қызметкер бөлімшесі | Консультация негізі | Нәтижелер / ұсыныстар | Ескертпе |
| Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына 9-қосымша |
Топтық жұмыс нысандары журналы (тренингтер)
№ | Өткізу күні | Бөлімше | Адам саны | Жұмыс түрі | Мақсаты | Ескертпе |

