"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Индустриялық дамуды бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 260 Бұйрықпен бекітілген |
Индустриялық дамуды бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Индустриялық дамуды бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабы 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және индустриялық дамуына бағалау жүргізу тетігін анықтайды.
2. Индустриялық дамуды бағалау өнеркәсіптің дамуына әсер ететін құқықтық, экономикалық, қаржылық және өзге де факторларды талдауды көздейді және мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) ресми статистикалық ақпаратты және озық тәжірибелерді талдау;
2) Индустриялық даму индексін қалыптастыру және құру;
3) жүйелі түрлендірулер бойынша ұсынымдар қалыптастыру.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.04.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Индустриялық дамуды бағалау елімізде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен анықталатын өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және түзету мақсатында өңдеу өнеркәсібіне және елдің дамуына әсер ететін ілеспе (аралас) экономика секторларына бағытталған.
2-тарау. Индустриялық дамуды бағалау көздері
4. Индустриялық дамуды бағалау үшін деректер көздері мыналар болып табылады:
1) ресми статистикалық ақпарат;
2) елдің өнеркәсіптік дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданысқа енгізетін (динамикада) құжаттар;
3) индустриялық даму жағдайын көрсететін мәселелер бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына сауалнама және сұхбат жүргізу;
4) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, ұлттық даму институттарының, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысушы өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, оны ішінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша ұсынылатын ақпараты;
5) халықаралық және отандық ұйымдармен жарияланатын, елдің өнеркәсіптік дамуын бағалайтын индекстер, рейтингтер және есептер.
3-тарау. Индустриялық дамуды талдау мен бағалау үшін қажетті ақпаратты ұсыну тәртібі
5. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей индустриялық дамуды талдау мен бағалау үшін талап етілетін деректердің сипатына байланысты орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына, ұлттық даму институттарына, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысушы өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне ағымдағы жағдай, реттеуші салалардағы тенденциялар, проблемалар, сондай-ақ оларды шешу тәсілдері туралы ақпарат ұсыну туралы сұрау жібереді.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.04.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ұлттық даму институттары, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысушы өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін уәкілетті органға ақпарат ұсынады.
7. Индустриялық дамуды бағалау сандық (статистикалық көрсеткіштер) және сапалық (сауалнама және талдау) тәсілдермен жүргізіледі.
8. Индустриялық дамуды талдау және бағалау қорытындылары жыл сайынғы Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы Ұлттық баяндамада жарияланады.
4-тарау. Индустриялық дамуды бағалау кезеңдері
9. Ресми статистикалық ақпаратты және озық тәжірибелерді талдау мыналарды қамтиды:
1) статистикалық ақпаратқа, оның ішінде бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттау бойынша салалық мүмкіндігін көрсететін динамикада, олардың өнеркәсіптік құрылымына, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің технологиялық даму және жаңғыру деңгейіне мониторинг жүргізу және талдау;
2) халықаралық және отандық ұйымдармен жарияланатын, елдің өнеркәсіптік дамуын бағалайтын жалпы танылған индектер, рейтингтер және есептерді мониторингтеу және талдау;
3) өңдеуші өнеркәсіптің экономикалық әртараптандыру индексін құру, бұл орта және жоғарғы қайта бөлу өнімдерін өндіруді және өндірілетін тауарлардың күрделілігін арттыруды ескере отырып, әртараптандыруды бағалау болып табылады;
4) Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде өңдеуші өнеркәсіп салаларының даму деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін өңдеуші өнеркәсіп салалары деңгейіндегі индикаторларды талдау.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.04.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Индустриялық даму индексін қалыптастыру және құру.
Есептеу алгоритмі:
1) Бірінші кезеңде негізгі көрсеткіштер осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді шығарындылардан тазарту мақсатында Z-бағалауға сәйкес қалыпқа келтіріледі. Нәтижесінде деректер орташа мәні 0 және стандартты ауытқуы 1 болатындай етіп түрлендіріледі:
![]()
мұндағы
![]()
![]()
![]()
2) Екінші кезеңде ЭҚЖЖ сыныптар деңгейіндегі субиндекс (4 белгі) әрбір өңір үшін мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
мұндағы
![]()
![]()
![]()
3) Үшінші кезеңде ЭҚЖЖ сыныптары деңгейінде есептелген субиндекстер индекстерді мынадай формулаға сәйкес 0-ден 1-ге дейінгі бірыңғай шкалаға келтіру мақсатында өңірлер бөлінісінде min-max қалыпқа келтіруге сәйкес нормаланады:

4) Төртінші кезеңде субиндекс әр аймақ үшін келесі формула бойынша есептеледі:
![]()
мұндағы
![]()
![]()
5) Бесінші кезеңде әрбір өңір үшін ЭҚЖЖ бөлімдерінің деңгейіндегі субиндекс мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
Қайта бөлу бойынша салмақтар: төмен – 0,1, орташа – 0,3, жоғары – 0,6.
6) Соңғы кезеңде әр аймақ үшін өңдеу өнеркәсібін әртараптандырудың жиынтық индексі келесі формула бойынша есептеледі:
![]()
мұндағы
![]()
![]()
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.04.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Индустрияландырудың сандық дамуын көрсететін түйінді индикаторлар:
– Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ), млн. теңге;
– Жалпы қосылған құнның нақты өсімі, в %;
– Еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары/адам;
– Негізгі капиталға салынған инвестициялар, млн. теңге;
– Инвестициялардың нақты өсімі, ішінде %;
– Өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі, АҚШ долларымен.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.04.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Сапалы жүйелі түрлендірулер мен қажетті жақсартулар бойынша ұсынымдар қалыптастыру өнеркәсіптік саясатты түзету, сондай-ақ, сарапшы және бизнес-қауымдастықтың қатысуымен басқару шешімдерін қабылдау кезінде қолданылады.
| Индустриялық дамуды бағалау әдістемесіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.04.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Индустриялық дамуды бағалау әдістемесіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.04.2026 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
