Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 01.12.2025 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 01.12.2025 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 01.12.2025 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрфық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
| Қазақстан Республикасының Каржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілген |
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 01.12.2025 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыс тобы – қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалауға қатысушылардың қатарынан тұратын топ;
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері – қауіптерді іске асырумен және (немесе) осалдықтардың болуымен байланысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында қаржы операцияларын (мәмілелерін) жасау арқылы елдің қаржы жүйесіне және экономикасына залал келтіру;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін құрылымдау – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау үшін жиналған деректерді кейіннен оларға талдау жүргізу үшін топтастыру және қосындылау;
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ранжирлеу – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау үшін жиналған деректердің салыстырмалы маңыздылығын (артықшылығын) анықтау рәсімі;
5) қаржы мониторингі субъектілері – Заңның 3-бабының 1-тармағында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері;
6) қауіп-қатер – мемлекетке, қоғамға, экономикаға ықтимал зиян келтіретін іс-әрекет, адам немесе адамдар тобы, объект, қызмет. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мәнмәтінінде бұл ұғым қылмыстарды, қылмыскерлерді, ұйымдасқан қылмыстық топтарды, террористік топтарды және оларды, қолдайтын адамдарды, олардың ақша қаражаттарын, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру бойынша іс-әрекетін қамтиды;
7) мемлекеттік органдар – қаржы мониторингі субъектілерінің Заңның 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын орындауына бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ Заңның 18-бабына сәйкес уәкілетті орган іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдар;
8) осалдылық – қауіп-қатер іске асырылатын сала не оны іске асыруға жәрдемдесетін немесе ықпал ететін сала. Нақты сектордың, қаржылық өнімнің немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыру мақсаттары үшін оларды тартымды ететін қызмет түрінің сипаттамалары мен ерекшеліктерін қамтиды;
9) салдарлар – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерімен көрсетілген немесе келтірілген әсерді немесе зиянды білдіреді және қаржы жүйелері мен мекемелеріне, сондай-ақ экономикаға тұтас осы қылмыстық немесе террористік әрекетпен байланысты әсерді қамтиды;
10) уәкiлеттi орган – Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.
2 тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалауға қатысушылар
3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне кешенді, жан-жақты ұлттық бағалау жүргізу оған барлық мемлекеттік органдардың және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесіне кіретін өзге де ұйымдардың қатысуын көздейді:
1) уәкілетті орган, атап айтқанда, кірістерді жылыстату, қылмыстық активтерді іздеу және қайтару саласындағы, терроризмді қаржыландыру, есірткі бизнесін және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаржылық мониторинг, жедел талдау, превенция және талдау әзірлемелері саласындағы құрылымдық бөлімшелер, тергеу және жедел департаменттері;
2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
5) мемлекеттік органдар;
6) қаржы мониторингі субъектілері;
7) терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдауды және мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3 тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау мақсаты мен міндеттері
4. Тәуекелдерді ұлттық бағалау мақсаты Қазақстан Республикасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қатерлері мен осалдықтарын айқындау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асырудағы кемшіліктерді анықтау болып табылады.
5. Тәуекелдерді ұлттық бағалаудың негізгі міндеттері ел деңгейінде мыналарды түсіне білу болып табылады:
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қатерлері туралы (ең өзекті қауіп-қатерлерді анықтау арқылы);
2) қылмыстық әрекетті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын негізгі әдістер туралы;
3) тәуекелге ұшырайтын және тиісті қылмыстық әрекетте ықтимал пайдаланылатын өнімдер және қызметтер туралы (және оларды ұсыну тәсілдері);
4) талап етілетін шаралар және оларды іске асырудың басымды тәртібі туралы.
4 тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу тәртібі
6. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау 12 (он екі) айға дейін созылады.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне одан әрі ұлттық бағалау тәуекелдердің алдыңғы ұлттық бағалауының басталған күнінен бастап 36 (отыз алты) ай өткеннен кейін жүргізіледі.
7. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау мақсатында уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жөніндегі жұмыс тобын құрады.
Уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалауға қатысушылардан жұмыс тобына енгізу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар сұрайды.
8. Уәкілеті орган ұсынылған ұсыныстар негізінде жұмыс тобының құрамын бекітеді.
9. Жұмыс тобының отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
10. Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
11. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау үш кезеңді қамтиды:
1) деректерді жинау;
2) деректерді өңдеу және талдау;
3) тәуекелдерді бағалау.
12. Мемлекеттік органдар ақпарат болған жағдайда, осы Қағидаларға 1, 2, 3 5, 9-қосымшаларға сәйкес әрбір реттелетін сектор тұрғысында тәуекелдерді ұлттық бағалауға арналған деректерді уәкілетті органға жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 1 тоқсаннан кешіктірмей ұсынады.
Деректер уәкілетті органға арнайы бөлінген байланыс арналары бойынша электрондық форматта жіберіледі.
Уәкілетті орган осы Қағидаларға 3, 4, 6, 7, 8, 10-қосымшаларын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базасының статистикалық мәліметтеріне негізделген уәкілетті органның қолында бар мәліметтер негізінде толтырады.
Осы Қағидаларға 11-қосымшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі толтырады.
Осы Қағидаларға 12-қосымшасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті толтырады.
Уәкілетті органға деректерді беру Заңның 18-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және сот органдары бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық мәліметтері негізінде қалыптастырылады.
5 тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалауға арналған деректерді өңдеу және талдау тәртібі
14. Уәкілетті орган барлық деректерді алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау үшін:
1) жиналған деректерді сәйкестігі мен толықтығы тұрғысынан салыстыру;
2) жиналған деректерді құрылымдау;
3) жиналған деректерді ранжирлеу арқылы жиналған деректерді өңдеуді жүргізеді.
15. Уәкілетті орган деректерді өңдегеннен кейін оларға 3 (үш) айдан 5 (бес) айға дейін созылатын талдау жүргізуді жүзеге асырады, оны жүргізу кезінде:
1) тәуекел көзін;
2) тәуекел сипатын;
3) тәуекелдің пайда болу ықтималдығын;
4) тәуекелдің салдарын анықтайды.
16. Уәкілетті орган жиналған деректерді талдау қорытындылары бойынша есеп қалыптастырады, онда:
1) тәуекелдердің сипатын, көзін, ықтималдығы мен салдарын сипаттау;
2) жиналған деректерді талдау нәтижелері қамтылады.
6 тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу тәртібі
17. Жұмыс тобы есепті алған күннен бастап 3 (үш) айдан 5 (бес) айға дейін есепті қарайды және қауіп-қатерлерге, осалдылықтарға және тәуекелдерге мынадай деңгейлердің бірін береді:
1) "жоғары" – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласында құқыққа қайшы әрекетті бірнеше рет жасау фактілері бар. Қылмыскерлердің құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға (техникалық, қаржылық және сол сияқты) дағдылары бар;
2) "орташа" – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласында құқыққа қайшы әрекет жасау ұмтылысын немесе жасағанын көрсететін фактілер бар. Құқыққа қайшы әрекеттер жасауы қылмысты ашу және/немесе жазалау тұрғысынан қиынырақ. Қылмыскерлердің құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға дағдыларының (техникалық, қаржылық және сол сияқты) бар болуын көрсететін фактілер бар;
3) "төмен" – қылмыскерлердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты әрекетті жасауға ниеттенуін көрсететін фактілер жоқ. Қылмыскерлердің құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға дағдыларының (техникалық, қаржылық және сол сияқтылар) бар болуын көрсететін фактілер жоқ.
18. Жұмыс тобы тәуекелдің тиісті деңгейлерін қарау және беру қорытындылары бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау туралы қорытынды есепті (бұдан әрі – қорытынды есеп) құрастырады, онда:
1) тәуекелдерді бағалау сипаттамасы;
2) тәуекелдерді бағалау бойынша тұжырымдар;
3) тәуекелдерді төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау қорытындылары қамтылады.
19. Қауіп-қатерлер анықталған кезде жұмыс тобы мынадай өлшемшарттарды ескереді, бірақ олармен шектелмейді:
1) жасалған предикаттық қылмыстардың түрлері;
2) тиісті қылмыстық әрекеттің сипаты мен ауқымы;
3) қылмыстық әрекеттен түскен қылмыстық табыстың сомасы;
4) Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына қылмыстық кірістердің трансшекаралық ағындары;
5) шет елдерде жасалатын және Қазақстан Республикасында заңдастырылатын қылмыстардан түсетін кірістер сомасы;
6) Қазақстан Республикасындағы террористік әрекеттің сипаты мен ауқымы.
20. Осалдылықтар анықталған кезде:
1) басымды секторлар мен өнімдердің болуына;
2) жеделдетілген немесе анонимді операцияларды жүргізуге ықпал ететін өнімдердің/қызметтердің болуына;
3) қолма-қол ақшамен жасалатын операциялардың және трансшекаралық ақша қаражаттары аударымдарының кең таралуына;
4) онлайн қызмет көрсетуге;
5) клиенттер (заңды тұлғалар, жеке тұлғалар) түрлеріне;
6) іскерлік қатынастардың сипатына;
7) жоғары тәуекелді ұсынатын клиенттердің бар болуына;
8) жоғары тәуекелді географиялық аймақтардағы клиенттік базаға (Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының ұсынымдарын орындамайтын мемлекеттер мен аумақтар, офшорлық аймақтар, террористік белсенділігі жоғары аймақтағы мемлекеттер);
9) резидент емес клиенттердің бар болуына;
10) қызығушылық тудыратын өңірлерден (жоғары сыбайлас жемқорлық, терроризм деңгейі бар мемлекеттер) клиенттердің бар болуына;
11) клиенттерге тиісінше тексеруді жүзеге асыруға;
12) хабарламаларды жолдау бойынша шаралардың ағымдағы жағдайына;
13) ішкі бақылау шараларының бар болуына;
14) деректерді сақтауға;
15) бенефициарлық иеленуге қатысты мәселелерді реттеуге ерекше назар аударылады.
21. Жұмыс тобы қорытынды есепті құрастырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға береді.
22. Уәкілетті орган қорытынды есепті алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалауға қатысушыларға келісуге жолдайды.
23. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалауға қатысушылар қорытынды есепті алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ескертулер мен ұсыныстар жібереді не олардың жоқтығы туралы хабарлайды.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалауға қатысушылар қорытынды есепке ескертулер мен ұсыныстар берген жағдайда, уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны одан әрі пысықтау үшін жұмыс тобына қайтарады.
Жұмыс тобы ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, қорытынды есепті одан әрі Қағидалардың 22 және 23-тармақтарында көзделген тәртіппен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалауға қатысушыларға жіберу үшін уәкілетті органға береді.
24. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалауға қатысушылар Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген мерзімдерде ұстанымдарын ұсынбаған жағдайда, қорытынды есептер келісілген болып есептеледі.
25. Уәкілетті органмен құрылатын Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің (бұдан әрі – Ведомствоаралық кеңес) отырысында қарау және мақұлдау үшін уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалауға қатысушылармен келісілген қорытынды есепті Ведомствоаралық кеңес отырыстарының кестесіне сәйкес шығарады.
26. Уәкілетті орган есептің қорытынды жария нұсқасын Ведомствоаралық кеңес мақұлдағаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсының ашық бөлігінде орналастырады.
Есептің қорытынды жабық нұсқасы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалауға қатысушыларға жолданады, сондай-ақ уәкілетті органның платформасында қаржы мониторингі субъектілерінің жеке кабинеттерінде орналастырылады.
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Реттелетін сектор (субъект) бойынша мемлекеттік органның (мемлекеттік органның атауы) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саясаты
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бақыланатын қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық база | Қабылданған нормативтік құқықтық актілер саны | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Нормативтік құқықтық актінің қысқаша фабуласы | ||||||
____ жыл | ____ жыл | ____ жыл | ____ жыл | ____ жыл | ____ жыл | ____ жыл | ____ жыл | ____ жыл | |
1. | 1. | 1. | 1. | 1. | 1. | 1. | 1. | 1. | |
2. | 2. | 2. | 2. | 2. | 2. | 2. | 2. | 2. | |
3. | 3. | 3. | 3. | 3. | 3. | 3. | 3. | 3. | |
4. | 4. | 4. | 4. | 4. | 4. | 4. | 4. | 4. | |
5. | 5. | 5. | 5. | 5. | 5. | 5. | 5. | 5. | |
… | … | … | … | … | … | … | … | … | |
Ескерту: Әрбір бөлімдердің бірінші бағандарында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі. Келесі бағандарда жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ есепті кезеңдегі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер көрсетіледі
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Реттелетін сектор (субъект) бойынша мемлекеттік органның (мемлекеттік органның атауы) алдын алу шаралары
Бақылау-қадағалау функциялары | Атауы | ____ жыл | ____ жыл | ____ жыл |
1. Тіркелген (лицензияланған) тізілімге енгізілген қаржы мониторингі субъектілерінің саны | ||||
2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қадағалау іс-шараларына түскен қаржы мониторингі субъектілерінің саны | ||||
көшпелі | ||||
қашықтықтан | ||||
3. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының анықталған бұзушылықтар саны | ||||
4. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының айыппұлдар салынды (мың теңге) | ||||
5. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының айыппұлдар өндіріліп алынды (мың теңге) | ||||
6. Шығарылған ескертулер/жазбаша ұйғарымдар саны | ||||
7. Берілген лицензиялар/рұқсаттар саны | ||||
8. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының шеңберінде тоқтатыла тұрған лицензиялардың/рұқсаттардың саны: | ||||
бұзушылықтар түрлері:: | ||||
9. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының шеңберінде лицензиялар/рұқсаттар беруден бас тарту/кері қайтарып алулар саны | ||||
бұзушылықтар түрлері: |
Ескерту: Аталмыш нысан әрбір реттелетін сектор бойынша жеке толтырылады .
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Мемлекеттік орган (мемлекеттік органның атауы) реттейтін субъектілердің құралдары мен қызметтерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында пайдалану
Кірістерді жылыстату/терроризмді қаржыландыру/жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қауіп-қатерлері | Атауы | Кезең | ||
____ жыл | ____ жыл | ____ жыл | ||
1. Алынған қаулылардың саны оның ішінде: | ||||
- алып қою | ||||
- мүлікке, активтерге тыйым салу (ауыртпалық) туралы | ||||
-(активтерге, мүлікке) тыйым салу/ ауыртпалық бойынша сома | ||||
2. Алып қою жүргізу негізі | ||||
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің нөмірі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптары | ||||
… | ||||
3. Тыйым салу/ауыртпалық негізі | ||||
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің нөмірі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптары | ||||
... | ||||
4. Өнім/қызмет түрі | ||||
... | ||||
5. Тыйым салу/алып қою жүргізілген клиенттердің түрлері | ||||
Жеке тұлға немесе заңды тұлға және басқалар, саны | ||||
Ескерту: Аталмыш нысан әрбір реттелетін сектор бойынша жеке толтырылады .
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Реттелетін сектор (субъект) бойынша мемлекеттік органның (мемлекеттік органның атауы) өкілеттіктері, жауапкершілігі және өзге де институционалдық шаралары
Қаржылық барлау бөлімшелерімен өзара іс-қимыл | Атауы | ___ жыл | ___ жыл | ___ жыл |
1. Жолданған хабарламалар саны: | ||||
- күдікті операциялар/әрекеттер туралы | ||||
Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жолданған хабарламалар бойынша сома | ||||
- шекті операциялар туралы | ||||
Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жолданған хабарламалар бойынша сома | ||||
- тоқтатылған күдікті операциялар | ||||
Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жолданған хабарламалар бойынша сома | ||||
2. Қаржылық барлау бөлімшелеріне олар бойынша хабарламалар жолданған клиенттің түрі | ||||
- жеке тұлға | ||||
- заңды тұлға | ||||
- ұлттық жария лауазымды адам | ||||
- шетел жария лауазымды адам | ||||
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл | 3. Қылмыстық істерді қозғау кезінде пайдаланылған тоқтатыла тұрған күдікті операциялардың саны | |||
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің нөмірі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптары | ||||
… |
Ескертпе: Аталмыш нысан әрбір реттелетін сектор бойынша жеке толтырылады.
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
Реттелетін сектор бойынша Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органның (мемлекеттік органның атауы) халықаралық ынтымақтастығы | ||||
№ | Атауы | ___ жыл | ___ жыл | ___ жыл |
1 | Шет мемлекеттің тәжірибесін Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесіне имплементтеу бойынша халықаралық өзара іс-қимыл (нормативтік құқықтық актінің атауы) | 1. | 1. | 1. |
2. | 2. | 2. | ||
3. | 3. | 3. | ||
4. | 4. | 4. | ||
… | … | … | ||
2 | Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл саны | |||
Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткілер және қылмыс жөніндегі басқармасы | ||||
Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топ | ||||
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы | ||||
Дүниежүзілік Банк | ||||
және басқалар… | ||||
3 | Мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайтын елдердің саны | |||
Америка Құрама Штаттары | ||||
Қытай Халық Республикасы | ||||
Ресей Федерациясы | ||||
және басқалар… | ||||
4 | Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл шеңберіндегі өзара іс-қимыл бойынша нормативтік құқықтық актінің сипаттамасы | |||
Ескерту: Аталмыш нысан әрбір реттелетін сектор бойынша жеке толтырылады. | ||||
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 6-қосымша |
Мемлекеттік орган (мемлекеттік органның атауы) реттейтін субъектілердің нысаналы қаржылық санкциялары | ||||
№ | Атауы | ___ жыл | ___ жыл | ___ жыл |
1 | Терроризмді қаржыландырумен байланысты тоқтатыла тұрған операциялардың саны | |||
Жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты тоқтатыла тұрған операциялардың саны | ||||
2 | Терроризмді қаржыландырумен/жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адамдардың жалақылары бойынша тоқтатыла тұрған операциялардың саны | |||
3 | Терроризмді қаржыландырумен/жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адамдардың операцияларын жүргізуден бас тарту саны | |||
4 | Әлеуметтік төлемдер бойынша жүргізілген операциялар саны | |||
5 | Әлеуметтік төлемдер бойынша жүргізілген операциялар бойынша сома | |||
6 | Жалақы бойынша жүргізілген операциялар саны | |||
7 | Жалақы бойынша жүргізілген операциялар бойынша төлем сомасы | |||
Ескерту: Әлеуметтік төлемдер мен жалақы бойынша деректер терроризмді қаржыландырумен/жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдар тізбесіндегі адамдар үшін пайдаланылады. | ||||
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 7-қосымша |
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар үшін "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы " Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы бойынша мәліметтер (құқық қорғау органының және арнаулы мемлекеттік органның атауы)
№ | Ақшаны жылыстату бойынша ақпарат | ___ жыл | ___ жыл | ___ жыл | № | Терроризмді қаржыландыру бойынша ақпарат | ___ жыл | ___ жыл | ___ жыл | № | Терроризмді қаржыландыру бойынша ақпарат | ___ жыл | ___ жыл | ___ жыл |
1 | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағы бойынша ақшаны жылыстатуға байланысты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберілген санкцияланған сұрау салулардың саны | 1 | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағы бойынша терроризмді қаржыландыруға байланысты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жолданған санкцияланған сұрау салулардың саны |
| "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағы бойынша жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберілген санкцияланған сұрау салулардың саны | |||||||||
2 | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағы шеңберінде ақшаны жылыстатумен байланысты қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жолданған хабарлаулардың саны | 2 | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағы шеңберінде терроризмді қаржыландырумен байланысты қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жолданған хабарлаулардың саны |
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағы шеңберінде жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жолданған хабарлаулардың саны | |||||||||
3 | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы шеңберінде ақшаны жылыстатумен байланысты уәкілетті органнан алынған бастамашылық материалдардыңсаны | 3 | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы шеңберінде терроризмді қаржыландырумен байланысты уәкілетті органнан алынған бастамашылық материалдардың саны |
| "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы шеңберінде жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты уәкілетті органнан алынған бастамашылық материалдардың саны | |||||||||
4 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 218-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны | 4 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 258-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны | |||||||||||
соның ішінде қаржылық барлаудың бастамашылық материалдары бойынша | соның ішінде қаржылық барлаудың бастамашылық материалдары бойынша | |||||||||||||
5 | Ақшаны жылыстатумен байланысты сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде тәркіленген мүлік сомасы | 5 | Терроризмді қаржыландырумен байланысты сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде тәркіленген мүлік сомасы | |||||||||||
соның ішінде қаржылық барлаудың бастамашылық материалдары бойынша | соның ішінде қаржылық барлаудың бастамашылық материалдары бойынша |
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 8-қосымша |
Сот органдары үшін
№ | Ақшаны жылыстату бойынша ақпарат | ___ жыл | ___ жыл | ___ жыл |
1 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 218-бабы бойынша сотта қаралған істер саны | |||
оның ішінде негізгі бапқа қосымша бап ретінде | ||||
2 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 218-бабы бойынша тәркілеу туралы қабылданған шешімдердің саны (жалпы сомасы, мың теңге) | |||
активтер, сомаға (мың теңге) | ||||
мүліктер, сомаға (мың теңге) | ||||
3 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 218-бабы бойынша мерзімге сотталған адамдардың саны | |||
3 жылға дейін | ||||
3 жылдан 5 жылға дейін | ||||
5 жылдаан 7 жылға дейін | ||||
жеті жылдан артық | ||||
Терроризмді қаржыландыру бойынша ақпарат | ___ жыл | ___ жыл | ___ жыл | |
4 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 258-бабы бойынша сотта қаралған істер саны | |||
оның ішінде негізгі бапқа қосымша бап ретінде | ||||
5 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 258-бабы бойынша тәркілеу туралы қабылданған шешімдердің саны (жалпы сомасы, мың теңге) | |||
активтер, сомаға (мың теңге) | ||||
мүліктер, сомаға (мың теңге) | ||||
6 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 258-бабы бойынша мерзімге сотталған адамдардың саны | |||
5 жылдан 7 жылға дейін | ||||
7 жылдан 12 жылға дейін | ||||
12 жылдан артық | ||||
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 9-қосымша |
Мемлекеттік органның (мемлекеттік органның атауы) реттелетін сектор (субъект) қызметкерлерінің біліктілігін арттыруы бойынша ақпарат
№ | Атауы | ___ жыл | ___ жыл | ___ жыл |
1. | Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша өткізілген оқыту семинарларының, тренингтердің және басқа да іс-шаралардың саны | |||
1.1. | оның ішінде Ұлттық алаңда: | |||
1.1.1. | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп | |||
сектордың (субъектінің) оқытылған қызметкерлерінің саны | ||||
1.1.2. | "AML Academy" қаржылық мониторинг академиясымен" АҚ | |||
сектордың (субъектінің) оқытылған қызметкерлерінің саны | ||||
1.1.3. | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп | |||
сектордың (субъектінің) оқытылған қызметкерлерінің саны | ||||
1.1.4. | "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп | |||
сектордың (субъектінің) оқытылған қызметкерлерінің саны | ||||
1.1.5. | және басқалар… | |||
1.2. | оның ішінде шетелдік донорларды тарта отырып: | |||
1.2.1. | Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы | |||
сектордың (субъектінің) оқытылған қызметкерлерінің саны | ||||
1.2.2. | Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы | |||
сектордың (субъектінің) оқытылған қызметкерлерінің саны | ||||
1.2.3. | Дүниежүзілік Банк | |||
сектордың (субъектінің) оқытылған қызметкерлерінің саны | ||||
1.2.4. | және басқалар… |
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 10-қосымша |
Қаржылық барлау бөлімшелері үшін
№ | Қылмыстық істер және сот шешімдері туралы ақпарат | ___ жыл | ___ жыл | ___ жыл |
1 | Қылмыс түрі | |||
ақшаны жылыстату | ||||
терроризмді қаржыландыру | ||||
жаппай қырып жою қаруларын қаржыландыру | ||||
предикаттық қылмыс: қайсысы екенін нақтылау | ||||
2 | Іс/сұрау салу фигуранттары | |||
жеке тұлға | ||||
заңды тұлға | ||||
3 | Фигуранттың резиденттігі | |||
резидент | ||||
бейрезидент | ||||
4 | Істерде/сұрау салуларда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері | |||
жеке тұлға | ||||
заңды тұлға | ||||
5 | Көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің резиденттігі | |||
резидент | ||||
бейрезидент | ||||
6 | Қызметтер мен өнімдер | |||
… | ||||
7 | Залал/кіріс сомасы (мың теңге) | |||
… | ||||
8 | Қылмыстық табыс (мың теңге) | |||
… |
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 11-қосымша |
Трансшекаралық ақша қозғалысы тәуекелдерін бағалау үшін
№ | 202 __ жыл | 202 __ жыл | 202 __ жыл | |
1 | Шетелге ақша аудару бойынша операциялардың саны, оның ішінде: | |||
- заңды тұлғалар; | ||||
- жеке тұлғалар; | ||||
- бейрезидент заңды тұлғалар; | ||||
- бейрезидент жеке тұлғалар; | ||||
2 | Шетелден ақша аудару бойынша операциялардың саны | |||
- заңды тұлғалар; | ||||
- жеке тұлғалар; | ||||
- бейрезидент заңды тұлғалар; | ||||
- бейрезидент жеке тұлғалар; | ||||
3 | Шетелге ақша аудару бойынша операциялар сомасы (мың теңге) | |||
- заңды тұлғалар; | ||||
- жеке тұлғалар; | ||||
- бейрезидент заңды тұлғалар; | ||||
- бейрезидент жеке тұлғалар; | ||||
4 | Шетелден ақша аудару бойынша операциялар сомасы (мың теңге) | |||
- заңды тұлғалар; | ||||
- жеке тұлғалар; | ||||
- бейрезидент заңды тұлғалар; | ||||
- бейрезидент жеке тұлғалар; | ||||
5 | Ең көп ақша аударымдары жүзеге асырылған елдер (10 ел көрсетілсін) | |||
- заңды тұлғалар; | ||||
- жеке тұлғалар; | ||||
- бейрезидент заңды тұлғалар; | ||||
- бейрезидент жеке тұлғалар; | ||||
6 | Одан ең көп ақша аударымдары жүзеге асырылған елдер (10 ел көрсетілсін) | |||
- заңды тұлғалар; | ||||
- жеке тұлғалар; | ||||
- бейрезидент заңды тұлғалар; | ||||
- бейрезидент жеке тұлғалар; |
| Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 12-қосымша |
Заңды тұлғалар мен білім тәуекелдерін бағалау үшін
№ | ___ жыл | ___ жыл | ___ жыл | |||
1 | Тіркелген шаруашылық субъектілердің саны: | |||||
-заңды тұлғалар; | ||||||
- жеке кәсіпкерлер; | ||||||
- бейрезидент заңды тұлғалар; | ||||||
2 | Тіркелген коммерциялық ұйымдардың саны, оның ішінде: | |||||
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік; | ||||||
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; | ||||||
- өндірістік кооператив; | ||||||
- толық серіктестік; | ||||||
- коммандиттік серіктестік; | ||||||
-акционерлік қоғам; | ||||||
- филиал; | ||||||
- өкілдік | ||||||
… | ||||||
3 | Іс-әрекет етпейтін деп танылған заңды тұлғалардың саны, оның ішінде: | |||||
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік; | ||||||
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; | ||||||
- өндірістік кооператив; | ||||||
- толық серіктестік; | ||||||
- коммандиттік серіктестік; | ||||||
-акционерлік қоғам; | ||||||
- филиал; | ||||||
- өкілдік | ||||||
… | ||||||
4 | Таратылған заңды тұлғалардың саны, оның ішінде: | |||||
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік; | ||||||
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; | ||||||
- өндірістік кооператив; | ||||||
- толық серіктестік; | ||||||
- коммандиттік серіктестік; | ||||||
-акционерлік қоғам; | ||||||
- филиал; | ||||||
- өкілдік | ||||||
5 | Анықталған бұзушылықтардың саны, соның ішінде: | |||||
- "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 463-бабы бойынша | ||||||
- "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 466-бабы бойынша | ||||||