ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 5-тармағына, 35-бабының 3-тармағына, 39-бабының 3 және 7-тармақтарына, 42-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне, 3-тармағының бірінші бөлігіне, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) және 3) тармақшаларына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-1-тармағының 1) тармақшасына, 7-бабы 2-тармағының 8-1) тармақшасына және 27-бабының 3) және 4-3) тармақшаларына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар мен банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы:
2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4-тармағының жиырма жетінші абзацын;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 6-тармағының он тоғызыншы абзацын, жиырма төртінші – қырық бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
______ жылы ________"___"
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
______ жылы _______________"___"
| Қазақстан Республикасының | |
| Қаржы нарығын реттеу және | |
| дамыту Агенттігінің Басқармасының | |
| 2022 жылғы 21 ақпандағы | |
| № 7 қаулысына | |
| қосымша |
Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар мен банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.04.2026 № 44 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2026 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. "Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15115 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кредиттік тарих субъектісінде ақпарат беруші алдында ақшалай міндеттемелер пайда болған кезде ақпарат беруші мен кредиттік тарих субъектісінің арасында қарыз беру туралы шарт не өзге мәміле жасауға өтінішті қарау кезінде Заңның 18-бабының 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін (бұдан әрі – кредиттік есепті беруге келісім) алады.
Кредиттік есепті беруге келісім кредиттік тарих субъектісінің қарыз беру туралы шартты не ақпаратты беруші мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге мәмілені жасасуға арналған өтініші шеңберінде ресімделеді және осы өтініш негізінде жасалған қарыз беру туралы шарттың немесе ақпарат беруші мен кредиттік тарих субъектісі арасында жасалған, кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруші алдында ақшалай міндеттемелері туындайтын өзге де мәміленің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.".
4. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерде және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:
"3. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:
1) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік тіркеуден өткен, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге болатын микроқаржы ұйымын қоспағанда, микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;
2) кредиттік серіктестік үшін - 50 000 000 (елу миллион) теңге, мыналарды қоспағанда:
кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;
2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;
2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;
кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге;
3) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге, болатын ломбардты қоспағанда, ломбард үшін - 70 000 000 ( жетпіс миллион) теңге.".
6. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.04.2026 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 19.08.2024 № 64 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.05.2026 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. "Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 218 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке тұлғаға берілген (берілетін) қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге мынадай комиссиялар мен өзге де төлемдер жатады:
1) қарыз алуға арналған өтініш пен құжаттарды қарағаны үшін;
2) қарызды ұйымдастырғаны үшін;
3) берілген қарыз шарттарын өзгерткені үшін комиссия:
өтеу кестесі;
қарыз валюталары;
сыйақы мөлшерлемелері;
қарызды өтеу әдістері;
4) комиссия мәселелерін қарау:
қарыз алушының (тең қарыз алушының), кепілгердің (кепіл болушының) бастамасы бойынша қарыз алушыға (тең қарыз алушыға), кепілгерге (кепіл болушыға) байланысты шарттарды өзгертуге;
қарыз бойынша кепіл затына ауыртпалық салу шарттарын өзгерту кезінде, сондай-ақ кепіл затын ауыстыру кезінде;
кепіл берушіні ауыстыру;
Клиенттің өтініші бойынша клиенттің кредиттік досьесінде қамтылған кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды беру;
Клиенттің өтініші бойынша жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркеуге (тіркеуден шығаруға), кепілзаттық қамтамасыз ету аумағында жүргізілген қайта жоспарлауды, құрылыстарды, жапсарлас құрылыстарды заңдастыруға келісетіні туралы анықтама беру;
кепіл беруші ауысқан кезде пайдалануға берілген мүлікке меншік құқығын және (немесе) кепіл құқығын ресімдеу бойынша қызметтер көрсету;
жылжымайтын мүліктің нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскелерін үлестерге бөлу бойынша қызметтер көрсету;
Клиенттің өтініші бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылатын көлік құралының тіркеу нөмірін ауыстыруға, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге, көлік құралы бойынша жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге рұқсат беру туралы анықтама беру;
5) клиенттің банктік қарыз шарты бойынша клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ететін және кепіл берушінің пайдалануындағы кепіл шарты бойынша кепіл нысанасын сақтандыру кезінде сақтандыру ұйымының пайдасына клиенттің төлемдерін қоспағанда, қарыз алуға, қарызға қызмет көрсетуге байланысты, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру ұйымының пайдасына жасалатын төлемдері;
6) кепілдікті (кепілгерлікті) алғаны үшін кепілгерге (кепіл берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалағаны үшін бағалаушыға клиенттің төлемдері;
7) екінші деңгейдегі банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрі - банк) клиенттерді тарту, клиенттер ұсынатын құжаттардың қарыз беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру, банк клиенттерінен қарыздарды өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша қызметтер көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына клиенттің төлемдері;
7-1) клиенттің сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша банктің және (немесе) өзге де ұйымдардың пайдасына қарыз алуға, қарызға қызмет көрсетуге байланысты, осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларына байланысты емес банктік шот шарттары және (немесе) банктік қызмет көрсету шарттары шеңберіндегі комиссиялар және төлемдері жатады.
8) клиенттің өтініші бойынша қарыз бойынша несие берешегі туралы анықтама бергені үшін;
9) қарызды ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтегені үшін төленеді.".
9. "Ломбардта заттарды сақтау, ломбард үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, заңсыз өндірілген заттардың ломбардтардағы айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидалары" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 226 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19709 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ломбардта заттарды сақтау, ломбард үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз өндірілген заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ломбард:
1) Заңда көзделген қызметті жүзеге асырады;
2) кепіл билетін беру және қарыз алушының келісімін алу жолымен ломбардта микрокредит беру және заттар кепілі туралы шарттар жасасады:
ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға (мемлекет қатысу бар кредиттік бюроны қоспағанда) және ішкі істер органдарына беру;
кредиттік есепті алушыға және ішкі істер органдарына кредиттік есепті беру;
3) ломбард аумағында заттардың сақталуын қамтамасыз ететін және оларға бөгде адамдардың кіруін болдырмайтын оларды сақтау үшін жағдайлар жасайды;
4) кепіл затын микрокредитті өтеу мерзімі аяқталған күннен кейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн сақтайды;
5) талап етілмеген затты атаулы сақтау түбіртегінің мерзімі өткеннен кейін үш ай бойы сақтайды;
6) қарыз алушыға кепіл затының жоғалу немесе бүліну қатерінің туындағаны туралы дереу хабарлайды;
7) қарыз алушы ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындағаннан кейін кепіл затын кепіл билетіне сәйкес дереу қайтарады.".
10. "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі" Қазақстан Республикасы заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне, 17-1-бабының 9-тармағы бірінші бөлігінің алтыншы абзацына және 34-бабының 5-тармағына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 21-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне және 26-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 47-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне және 72-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабы 1-тармағына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерінің кестесі
№ | Баптардың атауы | Тәуекел дәрежесі пайызбен |
I топ | ||
1. | Қолма-қол теңге | 0 |
2. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің қолма-қол шетел валютасы | 0 |
3. | Тазартылған бағалы металдар | 0 |
4. | Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген қарыздар | 0 |
5. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 0 |
6. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілген қарыздар | 0 |
7. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 0 |
8. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 0 |
9. | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына берілген қарыздар | 0 |
10. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар және Ұлттық Банкке өзге де талаптар | 0 |
11. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 0 |
12. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық даму банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен салымдар | 0 |
13. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі | 0 |
14. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша дебиторлық берешегі | 0 |
15. | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары | 0 |
16. | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары | 0 |
17. | Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен номинирленген бағалы қағаздар | 0 |
18. | Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар | 0 |
19. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 0 |
20. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
21. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 0 |
22. | Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 0 |
II топ | ||
23. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің қолма-қол шетел валютасы | 20 |
24. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 20 |
25. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 20 |
26. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 20 |
27. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына берілген қарыздар | 20 |
28. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 20 |
29. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар | 20 |
30. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 20 |
31. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 20 |
32. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар | 20 |
33. | Тәуекелдің І тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының дебиторлық берешегі | 20 |
34. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 20 |
35. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 20 |
36. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
37. | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар | 20 |
38. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
39. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 20 |
40. | Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ААА"-тен "АА-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-тен "kzAA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 20 |
41. | Тәуекелдің ІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 20 |
III топ | ||
42. | Тазартылмаған бағалы металдар | 50 |
43. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 50 |
44. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 50 |
45. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 50 |
46. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейін төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 50 |
47. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А"-дан "A-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар | 50 |
48. | Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 76, 78 және 79 -жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 50 (елу) пайызынан аспайды | 35 |
49. | Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғаның сатып алу үшін белгіленген талаптарына сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары, сондай-ақ олар бойынша сыйақылар | 35 |
50. | Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғаға қайта берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талаптар | 35 |
51. | Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 76, 78 және 79 -жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 51 (елу бір) пайызынан 85 (сексен бес) пайызына дейін қоса алғандағы шекте болады | 50 |
52. | Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 76, 78 және 79 - жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда | 100 |
53. | Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 35 (отыз бес) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 75, 76, 77, 78 және 79 -жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) | 100 |
54. | Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 35 (отыз бес) пайыздан көп және 50 (елу) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 75, 76, 77, 78 және 79-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) | 75 |
55. | Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 50 (елу) пайыздан көп провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 75, 76, 77, 78 және 79-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) | 50 |
56. |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге берілген, мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыздар: |
2022 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 30 маусым аралығын қоса алғанда - 50 |
57. | Синдикатталған қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғаларға теңгемен берілген қарыздар | 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 75 |
58. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 50 |
59. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 50 |
60. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-дан "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар | 50 |
61. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-дан "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 50 |
62. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 50 |
63. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
64. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А"+дан "А-"-ке дейін төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
65. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А"+дан "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 50 |
66. |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімінің "негізгі" немесе "баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар, сомасы осы бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар: | 50 |
67. | Ұйым баланста ұстайтын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-дан "А-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzA+"-дан "kzA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 50 |
68. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ"-тен "ВВ-"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ+"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне ашылған корреспонеднттік шоттар бойынша қойылатын талаптар | 50 |
69. | "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар | 50 |
70. | Тәуекелдің ІІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы (осы кестенің 49 және 50-жолдарында көрсетілген активтер бойынша есептелген сыйақыны қоспағанда) | 50 |
IV топ | ||
71. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 100 |
72. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 100 |
73. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 100 |
74. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 100 |
75. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдарға берілген қарыздар | 100 |
76. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар | 200 |
77. | Тәуекелдің ІІІ тобына жатқызылғандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар | 100 |
78. | Тәуекелдің ІІІ тобына жатқызылғандарды қоспағанда және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен өтелмеген жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар | 200 |
79. |
Банк есептейтін төмендегі өлшемшарттардың біріне сәйкес келетін жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар: | 150 |
80. | 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға берілген басқа да қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар (осы кестенің 78-жолында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын, қарыздарды және Нормативтерге 5-1-қосымшада көрсетілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) | 100 |
81. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 100 |
82. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 100 |
83. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар | 100 |
84. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі | 100 |
85. | Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі | 100 |
86. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+" -тен "В-" -ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 100 |
87. | Standard & Poor ' s (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+" - тен "ВВ –" - ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
88. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
89. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
90. | Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 100 |
91. | "Стрессті активтер қоры" акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар | 100 |
92. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 100 |
93. | ІV тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 100 |
94. |
| 100 |
95. | Негізгі құрал-жабдықтар | 100 |
96. | Материалдық қорлар | 100 |
97. | Сыйақы және шығыстар сомасын алдын ала төлеу | 100 |
V топ | ||
98. |
Банктің қаржылық есептілігін халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне), мерзімсіз қаржы құралдарына, реттелген борышына банктің инвестициялары | 100 |
99. | Әрқайсысы банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (оннан) кем пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы | 100 |
100. | Банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызы және Нормативтердің 10-тармағында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталы айырмасының және Нормативтердің 11-тармағының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуі тиіс соманың жиынтығында 17,65 (он жеті бүтін жүзден алпыс бес) пайызынан аспайтын шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігі бар қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестицияларының сомасы | 250 |
101. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 150 |
102. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 150 |
103. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 150 |
104. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 150 |
105. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдарға берілген қарыздар | 150 |
106. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) қарыз алушы тарапынан валюталық тәуекелдері хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар | 200 |
107. |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларға немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген қарыздар: | 150 |
108. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 150 |
109. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 150 |
110. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар | 150 |
111. |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар: | 150 |
112. | Standard & Poor’s агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардың және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегі | 150 |
113. |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі: | 150 |
114. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар | 150 |
115. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
116. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
117. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
118. |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар: | 150 |
119. | Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |
120. | V тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 150 |