ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 07 шілдедегі № 367 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округінің Ақжал елді мекеніне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 21 "Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округінің Ақжал елді мекеніне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7877 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| әкім | С. Ыгиев |