ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының міндетін атқарушысының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 369 ұсынысы негізінде, Жарма ауданы Аршалы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ірі қара малдардың арасынан құтыру ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Жарма ауданының Аршалы ауылындағы "Ақбастау" шаруа қожалығынан шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 01 сәуірдегі № 4 "Жарма ауданы Аршалы ауылдық округіне қарасты "Ақбастау" шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8494 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аким Аршалинского сельского округа | М. Касымханов |