Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1 тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2021 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метрге 25 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Акжалов |