ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6604 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"1) әлеуметтік көмек түрінде бастапқы жарна сомасының 100 % мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;
2) әлеуметтік қолдау түрінде бастапқы жарна сомасының 50% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде тұрғын үй сертификаттарының мөлшері белгіленсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы | В. Соломкин |
| Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |