"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 01-20/244 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі Қарамеңді ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын:
Қарамеңді ауылы мына мекенжайлар бойынша: Уәлиханов көшесі, 11 үй, 2 пәтер, Автомобилистер көшесі, 10 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 12 үй, 2 пәтер, Автомобилистер көшесі, 13 үй, 2 пәтер, Автомобилистер көшесі 17 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 19 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 2 үй, Автомобилистер көшесі, 6 үй, 1 пәтер, К.Алин көшесі, 19 үй, 1 пәтер, Амангелді көшесі, 49 үй, 2 пәтер, Баймағамбетов көшесі, 1А үй, 1 пәтер, Жансүгіров көшесі, 1 үй, 1 пәтер, Майлин көшесі, 1 үй, 2 пәтер, Б.Момышұлы көшесі, 8 үй, 2 пәтер, Победы көшесі, 8 үй, 2 пәтер, Сәтпаев көшесі, 19 үй, 2 пәтер, Сәтпаев көшесі, 20 үй, Сәтпаев көшесі, 37 үй, 2 пәтер, Сәтпаев көшесі, 9 үй, 1 пәтер, Строительная көшесі, 3 үй, 1 пәтер, Чапаев көшесі, 30 үй, 1 пәтер, Шақшақ Жәнібек көшесі, 12 үй, Шақшақ Жәнібек көшесі, 17 үй, 2 пәтер.
2. Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 18 наурыздағы № 5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9827 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім Казақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарамеңді ауылдық округінің әкімі | Н. Жапбасбаев |