"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 23 ақпандағы № 53 қаулысына (2015 жылғы 12 наурызда "Айна" газетінде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5411 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген әкімдік қаулысының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 293 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" қаулысының (2013 жылғы 3 қазанда "Айна" газетінде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4227 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Н. Утегенов |
| Әкімдіктің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 38 қаулысына қосымша |
|
| Әкімдіктің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 53 қаулысына қосымша |
Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй - жай
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар |
1. | Қарабалық кенті | "Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарабалық аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
2. | Тоғызақ ауылы | Тоғызақ ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында |
3. | Белоглинка ауылы | Белоглин ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында |
4. | Станционное ауылы | Станционный ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында |
5. | Новотроицкое ауылы | Новотроицк ауылдык мәдениет үйінің ғимаратында |
6. | Победа ауылы | Победа ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында |
7. | Боскөл ауылы | Бозкөл ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында |
8. | Михайловка ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Михайлов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
9. | Приречное ауылы | Өрнек ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында |
10. | Лесное ауылы | Есенкөл ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында |
11. | Славенка ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Славян негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
12. | Бөрлі ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Бөрлі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
13. | Смирновка ауылы | Смирнов ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында |