Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы | С. Закенов |
| Ақтау қалалық мәслихатының | |
| 2021 жылғы 13 қазандағы | |
| № 7/58 | |
| шешіміне қосымша |
Күші жойылды деп танылған Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2921 болып тіркелген).
2. "Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 "Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/380 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3028 болып тіркелген).
3. "Ақтау қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 "Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 29/314 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4098 болып тіркелген).
4. "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 3 қазандағы № 10/116 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3453 болып тіркелген).
5. "Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 3 қазандағы № 10/116 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қақидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 22/246 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3803 болып тіркелген).