Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 08.12.2023 № 7/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 1 тармағы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша 2022-2024 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі айқындалсын.
Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 08.12.2023 № 7/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |
| 2021 жылғы 3 желтоқсандағы | |
| № 8/81 | |
| шешіміне қосымша |
Жаңаөзен қаласы бойынша 2022-2024 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 08.12.2023 № 7/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Маршрут нөмірі | Маршрут атауы |
1 | №1 | Қалалық |
2 | №2 | Теңге ауылы – Жаңаөзен қаласы |
3 | №3 | |
4 | №4 | Қалалық |
5 | №5 | Кендірлі ауылы – Жаңаөзен қаласы |
6 | №6 | Қалалық |
7 | №9 | Қызылсай ауылы – Жаңаөзен қаласы |
8 | №10 | Қалалық |
9 | №11 | Рахат ауылы – Жаңаөзен қаласы |
10 | №12 |