"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округі, Бидайкөл ауылының келесі көшелеріне:
1) атауы жоқ көшеге "Оқшы ата" атауы;
2) атауы жоқ көшеге "Сейхұн" атауы;
3) атауы жоқ көшеге "Сығанақ" атауы;
4) атауы жоқ көшеге "Қаратау" атауы;
5) атауы жоқ көшеге "Мәжит Сәмбетов" есімі;
6) атауы жоқ көшеге "Ремет Балтеев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бәйтерек ауылдық округінің әкімі | Ж. Ақбергенов |