Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 31 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4910 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасымен белгіленген:
1) 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
“
4  | Жалағаш кенті  | “Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№202 Зейнолла Жарқынбаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд  | 
”;
2) 16, 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
16  | Жаңадария ауылы  | “Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№203 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд  | 
17  | Мырзабай ахун ауылы  | “Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№122 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд  | 
”;
3) 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
“
21  | Аққыр ауылы  | “Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№188 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд  | 
”.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш ауданының әкімі | А. Шаменов | 
| “КЕЛІСІЛДІ” | |
| Жалағаш аудандық сайлау | |
| комиссиясымен |