Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарқайың аудандық мәслихатының "Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жарқайың аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | Р.Садвакасова |
| Жарқайың аудандық мәслихатының хатшысы | А.Альжанов |