"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5956 болып тіркелген), "Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/9 "Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-34/15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7241 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Көкшетау қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы |
С.Максимец |
| Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы | Р.Калишев |