БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жіктеуіштерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын код жіктеуіштері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жіктеуіші;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мәміле сипатының жіктеуіші;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сыртқы экономикалық мәмілелер ерекшеліктерінің жіктеуіші;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларға арналған декларацияның 33-бағанының екінші және үшінші бөлімдерінде толтырылатын зияткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар кодтарының жіктеуіші;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес зияткерлiк меншiк объектiлерi құқықтарын қорғау бойынша электрондық өтінішті беру үшін қолданатын, құжаттардың және мәліметтердің жіктеуіші бекітілсін.";
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 415 бұйрыққа 1-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына 5-қосымша |
Тауарларға арналған декларацияның 33-бағанының екінші және үшінші бөлімдерінде толтырылатын, зияткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар кодтарының жіктеуіші
Кодтар | Сипаты |
I0100 | Зияткерлiк меншiк объектiлерi жоқ тауарлар |
I0110 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар |
I0200 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 415 бұйрыққа 2-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына 6-қосымша |
Зияткерлiк меншiк объектiлерi құқықтарын қорғау бойынша өтінішті электрондық беру үшін қолданатын, құжаттардың және мәліметтердің жіктеуіші
Кодтар | Сипаты |
I0001 | Зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілілігін растайтын құжаттар |
I0002 | Құқық иеленуші өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхат |
I0003 | Құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі |
I0004 | Өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты |
I0005 | "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 461-бабына сәйкес басқа құжаттар |