Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 03.06.2022 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келес ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Келес ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Келес ауданының әкімі | А. Есбаев |
| Келес ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "1" қазандағы № 202 қаулысына қосымша |
Келес ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
Р/с | Елді мекеннің атауы | Орналасатын орны |
1 | Біртілек ауылдық округі, Аққорған елді мекені | Республикалық маңызы бар Шымкент-Жетісай тас жолының бойында, Ынтымақ көшесі № 235 |
2 | Біртілек ауылдық округі, Біртілек елді мекені | Құрылыс көшесі № 5А тұрғын үйдің жанында |
3 | Біртілек ауылдық округі, Ораз ата елді мекені | Болашақ көшесі № 28 тұрғын үйдің жанында |
4 | Біртілек ауылдық округі, Ораз ата елді мекені | Ешан бау көшесі № 1А тұрғын үйдің жанында |
5 | Ұшқын ауылдық округі, Ұшқын елді мекені | Қ.Қонысбаев және Д.Қонаев көшелерінің қиылысы |
6 | Ошақты ауылдық округі | Облыстық маңызы бар Абай-Шардара тас жолының бойы, Саңырау және Береке елді мекендерінің арасында |
7 | Ошақты ауылдық округі, Ошақты елді мекені | М.Құрбанов және Ошақты көшелерінің қиылысы |
8 | Ошақты ауылдық округі, Сарыжылға елді мекені | Қ.Сәтбаев көшесі № 5А тұрғын үйдің жанында |
9 | Бірлік ауылдық округі, Бірлік елді мекені | Ә.Жангелдин және М.Әуезов көшесінің қиылысы, Қазпошта ғимаратының алдында |
10 | Абай ауылы | Т.Рысқұлов көшесі "Адема" балабақшасының жанында |
11 | Абай ауылы | М.Артықов көшесі "Жібек-жолы" дүкенінің жанында |