Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Аққұм ауылдық округi әкiмiнiң 18.03.2020 № 6 шешiмiмен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармақтарына, Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23.01.2001 жылғы заңының 35, 37 баптарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық басқару және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының № 02-05/04 10.01.2020 жылғы шектеу қоюға ұсыныс хатына сәйкес, Аққұм ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби ауданының, Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңаұйым ауылы Көктерек көшесі № 5 үйден иттің "Құтыру" ауруына оң нәтижесін бергеніне байланысты Жаңаұйым ауылы Көктерек көшесіне шектеу іс-шараларын енгізілсін.
2. Төлеби ауданының "Аққұм ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы" Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланған кейін осы шешімнің Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аққұм ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Б.Абдурахманға жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аққұм ауылдық округ әкімі | Б. Рахимов |