Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 01.02.2021 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалпыға ортақ пайдалынылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 498 "Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерiн бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4311 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда "Ордабасы оттары" газетінің № 52 санында және 2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Турашбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________Р.Ибрагимов
2020 жыл "___" __________
| Ордабасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 386 қаулысына қосымша |
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Автомобиль жолдарының мекенжайы, шақырым | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | КХОR-1 | М-32 -Амангелді | 0-4,2 | 4,2 |
2 | КХОR-2 | Шубар-Тоқсансай | 0-5 | 5 |
3 | КХОR-3 | М-32 -Шубарсу | 0-7,8 | 7,8 |
4 | КХОR-4 | Р-31 -Ақсары | 0-2 | 2 |
5 | КХОR-5 | КХ-15 -Қарабастау | 0-3 | 3 |
6 | КХОR-6 | КХ-15 -Бірлік | 0-2,8 | 2,8 |
7 | КХОR-7 | КХ-8 -Бейсен | 0-1,3 | 1,3 |
8 | КХОR-8 | КХ-15 -Жеңіс | 0-1,7 | 1,7 |
9 | КХОR-9 | КХ-63 -Ықыластемір | 0-4,5 | 4,5 |
10 | КХОR-10 | Қараспан-Қалаш | 0-9,3 | 9,3 |
11 | КХОR-11 | КХ-15 -Дихан | 0-9,6 | 9,6 |
12 | КХОR-12 | КХ-8 -Төреарык | 0-2,1 | 2,1 |
13 | КХОR-13 | КХ-15 -Елшібек батыр | 0-3 | 3 |
14 | КХОR-14 | Қараспан-Ынтымақ | 0-2,1 | 2,1 |
15 | КХОR-15 | Қараспан-Жұлдыз | 0-1,6 | 1,6 |
16 | КХОR-16 | М-32 -Жайылма | 0-0,6 | 0,6 |
17 | КХОR-17 | М-32 -Арыстанды | 0-2,5 | 2,5 |
18 | КХОR-18 | М-32 -Нұра | 0-2,3 | 2,3 |
19 | КХОR-19 | М-32 -Қызылжар | 0-6 | 6 |
20 | КХОR-20 | КХ-15 -Ақбулақ | 0-3,5 | 3,5 |
21 | КХОR-21 | КХ-15 -Карақұм | 0-2,8 | 2,8 |
22 | КХОR-22 | КХ-15 -1-Мамыр | 0-2,1 | 2,1 |
23 | КХОR-23 | Қараспан-Жаңатұрмыс | 0-1,7 | 1,7 |
24 | КХОR-24 | Шұбарсу – Шұбарсу-2 | 0-5,6 | 5,6 |
25 | KXOR-25 | М-32– Қажымұқан | 0-2,6 | 2,6 |
Ордабасы ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы: | 89,7 | |||