Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 16 қарашадағы № 01-10/229 ұсынысы негізінде, Соколов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің Соколовка ауылында Приишимская көшесіне құс тұмауы ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты карантин тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 28 қазандағы № 36 шешімінің (2020 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің әкімі |
А.Сеитов |